Ширату жаттығуы «Суретті әңгіме» кестедегі мәліметтер бойынша сандар арасындағы заңдылықты тауып, бүгінгі сабақтың мақсаты анықталады.
Жұмысшылар саны
4
8
12
16
Жұмыс орындау уақыты(сағ)
120
60
40
30
Интербелсенді тақта, 6-сынып математика оқулығы, интернет желісі Bilimland сайты
Сабақтың ортасы
(Ө.Т) «Түртіп алу» әдісі (білемін, білгім келеді,үйрендім) арқылы жана тақырыпты меңгеру.
Анықтама: Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе артқанда (кемігенде), екіншісі сонша есе кемитін (артатын) болса, онда мұндай шамалар кері пропорционал шамалар деп аталады.
Кері пропорционалдықты әріптермен жазсақ:
Егер екі шама кері пропорционал болса, онда бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері мәндеріне тең.
Бұл – кері пропорционалдықтың қасиеті.
Кері пропорционал шамалардың сәйкес мәндерінің көбейтіндісі – тұрақты сан. Мысалы, кері пропорционал шамалар:
Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда, оның ұзындығы мен ені;
Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;
Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.
Мысалы, тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 6 см. Осы тік төртбұрыштың ауданы өзгермегенде:
Ұзындығы 16 см болса, ені неше сантиметр болады?