Сабақ : Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны


Ширату жаттығуы «Суретті әңгіме»



бет18/76
Дата08.02.2022
өлшемі7,09 Mb.
#123704
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
6кл кмж

Ширату жаттығуы «Суретті әңгіме» кестедегі мәліметтер бойынша сандар арасындағы заңдылықты тауып, бүгінгі сабақтың мақсаты анықталады.

Жұмысшылар саны

4

8

12

16

Жұмыс орындау уақыты(сағ)

120

60

40

30



Интербелсенді тақта, 6-сынып математика оқулығы, интернет желісі Bilimland сайты

Сабақтың ортасы

(Ө.Т) «Түртіп алу» әдісі (білемін, білгім келеді,үйрендім) арқылы жана тақырыпты меңгеру.
Анықтама: Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе артқанда (кемігенде), екіншісі сонша есе кемитін (артатын) болса, онда мұндай шамалар кері пропорционал шамалар деп аталады.
Кері пропорционалдықты әріптермен жазсақ:

Егер екі шама кері пропорционал болса, онда бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері мәндеріне тең.
Бұл – кері пропорционалдықтың қасиеті.
Кері пропорционал шамалардың сәйкес мәндерінің көбейтіндісі – тұрақты сан. Мысалы, кері пропорционал шамалар:

  • Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда, оның ұзындығы мен ені;

  • Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;

  • Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.

Мысалы, тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 6 см. Осы тік төртбұрыштың ауданы өзгермегенде:

  1. Ұзындығы 16 см болса, ені неше сантиметр болады?

  2. Ені 4 см болса, ұзындығы неше сантиметр болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет