Сабақ : Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны


(Т) Жаңа материалды меңгеру



бет76/76
Дата08.02.2022
өлшемі7,09 Mb.
#123704
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
6кл кмж

(Т) Жаңа материалды меңгеру. Оқулықпен жұмыс. "Мозайка" әдісі: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасайды. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылайды, идеялармен бөліседі, ынтымақтастықты дамытады.

Жаңа тақырып бойынша "Тірек кестені" толтырады.



Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

Шамалар арасындағы тәуелділік

а — 100%
b — P% 

х — 100%
b — P% 

а —100%
b — x % 

пропорция










(Ж) 1-тапсырма.
«Тапсырма алмасу» әдісі жұпта оқушылардың тапсырманы талдай отырып бірлесе орындауына негізделген.

Мектептегі спорттық үйірмеге 80 оқушы қатысады, оның еркін күресіне 24-і барады. Еркін күреспен неше пайыз оқушылар шұғылданады?





Бағалау критерийі

дескрипторлар

Шамалар арасындағы тәуелділіктер бойынша пропорция құру, шешу.



Шамалар арасындағы тәуелділікті жазады.

Пропорция құрады.

Пропорцияның белгісіз мүшесін табады.


ҚБ: "Жұлдызша" әдісімен жұптар бірін-бірі бағалайды. Жұптардың алған жұлдызшаларының көлеміне байланысты.


(Т) 2-тапсырма. "Галереяны шарлау" әдісі. Талқыланған есепке дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс ұсыну, идеяларын қорғау.

Есептің типін анықта, кестені толтыр:
Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76%-ін жыртқанда, 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға тиіс еді?



Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

Шамалар арасындағы тәуелділік










пропорция










Есептің шешімі












ҚБ: "Пікір алмасу"әдісі. Топтар жұмыстармен танысады, бағалау өлшемдері бойынша бағалап, пікірлерін стикерлерге жазылып жапсырылады. Сыныптастарының  пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.



Бағалау критерийі

дескрипторлар

Шамалар арасындағы тәуелділіктер бойынша пропорция құру, шешу.



Есептің типін анықтайды.

Шамалар арасындағы тәуелділікті жазады.

Пропорция құрады.

Пропорцияның белгісіз мүшесін табады.



(Т) 3-тапсырма. Графикалық органайзердің "Ромбтық" жіктелім әдісімен есепті шешу алгоритмдеріне жіктейді. Есептің шешімін табады.








Астана қаласында "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй кешенінде, 9 жұмысшы 8 күнде 72 үйдің қабырғасын бояйтын болса, 8 жұмысшы 10 күнде неше үйдің қабырғасын бояйтынын табыңыз? Қосымша ақпараттарды пайдалану арқылы Қазақстанда төмен бағада үй алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды атаңыз?



Бағалау критерийі

дескрипторлар

Шамалар арасындағы тәуелділіктер бойынша пропорция құру, шешу.



Шамаларды пропорционалдыққа жіктейді

Шамалар арасындағы тәуелділікті жазады.

Пропорция құрады.

Пропорцияның белгісіз мүшесін табады.

Қосымша мәлімет табады

ҚБ: "Бас бармақ" әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды



Оқулық, тірек кесте

таратпа материал-дар

таратпа материал-дар

кесте


таратпа материал-дар

смартфон


Сабақтың соңы


"Сұрақты қағып ал" тәсілі арқылы сабақты қорытындылау. Мұғалім сұрақ қойған кезде бұршақ салынған қалташаны оқушыға лақтырады, оқушы жауап беріп, өз сұрағын келесі оқушыға лақтырады т.с.с
Тақырыпқа байланысты сұрақтар:
1. Пропорция деген не?
2. Қандай шамалар тура пропорционал шамалар шамалар деп аталады?
3. Қандай шамалар кері пропорционал шамалар шамалар деп аталады?
4. Қандай есептерді пропорцияның көмегімен шешуге болады?
5. Пайызға байланысты есептерді шешу алгоритмін атаңыз.

Рефлексия
« Қосу, алу, қызықты» кестесін толтыру:

Қосу

Мен үшін құнды болған мәлімет...

Алу

Сәтсіз болған нәрсе....

Қызықты

Мен үшін қызық...



кесте
қалташа




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





1-тапсырманы орындауда "Қарқын" тәсілі арқылы көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі
2-тапсырма барысында "Диалог және қолдау көрсету" тәсілімен кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек беріледі.
3-тапсырма кезінде "дереккөздер" тәсілімен қосымша ақпараттар алады.

"Жұлдызша" әдісі
"Пікір алмасу"
"Бас бармақ"

Топқа бірігу барысында парталардың дұрыс қойылуы, оқушылардың орнының денсаулығына кедергі келтірмеуі.
Смартфон пайдалану қауіпсіздігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет