Қатысушының толық аты-жөні: Хамидуллиева Аружан Азаматқызы



Дата08.02.2022
өлшемі12,74 Kb.
#118815
Байланысты:
Эссе Хамидуллиева А. 4 сынып
6кл кмж, судың маңызы

Қатысушы:

Қатысушының толық аты-жөні:

Хамидуллиева Аружан Азаматқызы

Қаласы/ауданы/ауылы:

Орал қаласы,Бәйтерек ауданы

Мектеп:

Новенький ЖОББМ

Туылған жылы/жасы:

19.11.2010ж

Байланыс телефоны:

87028861534

Эл.почтасы:




Жетекшісінің толық аты-жөні:




Эссе
«Ұстаз-білім шырағы»


Ұстаз!Ұстаз-қасиетті ұғым.Мен үшін бұл мамандық мына жұдырықтай жүрегімнің батылдығы мен асылдығының тоғысуы.Әр адам шыр етіп, дүние есігін ашқан сәттен бастап өз жүрек қалауымен өмір сүреді,өз жүрек қалауымен мамандық таңдайды.Ендеше менің жүрек қалауым өзінің бақытынан гөрі өзгенің бақытын аялайтын,өнегелі ұрпақ тәрбиелейтін мұғалім болу.
Ұстаз-келер күннің ұстазы «Ұстаз ұлағаты-мәдениетте,мәдениеттің ұлағаты-оқу мен әдебиетте» деген екен А.Байтұрсынұлы.Ұстаз-осы білімге,мәдениеттің ұлағаты мен әдебиетке жетелейтін бірден-бір тұлға.Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты,біліктілігі,жауапкершілігімен адами қасиеттері маңызды рөл ойнайды,себебі әр шәкірт-ұстаз үшін айна сияқты.Ұстазы жақсының шәкірті үздік.Адамзат білімді аз бетінше кітаптан оқыпта алуы мүмкін,ал тәрбиені өз бетінше ала алмайды.Өнеге мен үлгі,құрмет сияқты ізгі қасиеттер ата-анадан қан арқылы дарыса,мұғалімнен тәлім арқылы дамиды.Ұстаз мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көмір тәріздес.Ертеңгі мемлекеттің болмысы ұстаздың бүгінгі тәлімінде. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деген ұлы Абай бабамыз.Мұғалімнің жас ұрпақтың санасына санамай құятын тәлім-тәрбиесі,үлгі-өнегесі өлшеусіз.Ұстаз алдында отырған шәкірттердің болашағын айқындап қана қоймай,бүкіл қоғамды қалыптастырады.Міне,өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі осындай өрелі жұмыстар мен еліміздің гүлденуі жолында абыройлы істер атқарып жүрген ұстаздар қауымының ұлы болуы осыда шығар.Сондықтанда,бойына әлемдегі жақсылық атауының барлығын жинап,жер шарына білім нұрын төгетін асыл мамандықты таңдауыма осы себепті.
Бұл менің ата-анамның арманы,бұл менің жүрек қалауым.Ендеше,ата-атамның арманына жүрек қалауымды жалғап,арманымның ақ қанатына мініп,дүниенің бір кірпіші болып қаланбақпын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет