Тексерген: Ашимова Г. М



Дата16.03.2022
өлшемі57 Kb.
#135830
Байланысты:
sro(29225-366446)


Alikhan Bokeikhan University


СӨЖ
Tақырыбы: Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау

Тексерген: Ашимова Г.М.


Орындаған: Әбдікәрімов Елнар
Топ:УА-001

Семей 2022


Жоспар:
1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Сыни тұрғыдан ойлау - қоғамның рухани саулығының кепілі және барлық әлеуметтік аурулардың басты жауы - адам мен қоғамның қалыпты дамуына мүдделі емес адамдар қауіп төндірген және қауіп төндіреді. Қазіргі заманға тән дүниежүзілік институционалдық және құндылықтық өзгерістер аясында әлеуметтік-философиялық сынның пайда болуы мен мәнін түсіну маңызды.Сыни ойлау постиндустриялық экономика мен постмодерндік мәдениетте өзінің бұрынғы түрінде бола алмайды.


Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің өз ойын ашық жеткізуіне,шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Сыни ойлау – ашық қоғамның негізі. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізіп,ойын ортаға салу мүмкіндігі. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдеп алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін тыңдап,дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің түйінін табу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашанда диалог, іздене, дайындала, үйрете- үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі.
Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің пікірлерін ақиқат ретінде қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптай анықтай біледі. Сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы сыни ойлау тұрғысының негізі қалыптасады. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның ж Сын тұрғысынан ойлау - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің өз ойын ашық жеткізуіне,шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат,халық жағдайын ойлайтын жан болып ержетуі тиіс..
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін жеке тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу.Ал өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі..
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады
Сонымен, сыни ойлау қандай жағдайларда болатынын жинақтап,зерттеп көрейік:
- кез келген ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда;
- кез келген ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда;
- кез келген ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында;
- өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде;
- кез келген не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда;
- бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта );
- өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда.
Оқушы сыни тұрғыдан ойлауды бастағанда нақты сұрақтар қоя бастайды,ақпараттың негізгі мәліметтерін жинақтайды,осы ақпаратқа тиісті деректерді еске түсіреді, өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар,мәселені ашық айтыпбасқалармен салыстырады, балама ұсыныстар мен көзқарастарды тұжырымдайды, талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды, өз әрекеттерін бақылайды, оларға баға береді, жақсарту жолдарын іздейді, басқалармен тіл табысып, ортақ мәмілеге келуге тырысады.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттер - негізінде қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан қарастыруға арналады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, әрі ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Егер, осы ретте қарастырлып отырған рухани сана мәселелерінің пайда болу себептері ретінде жаңа сыни ойлау мен қоғамдық санада әлі де болса орын алып отырған ескі стереотиптер арасындағы келіспеушілікті жою деп алып қарастырсақ, онда бірінші кезекте бізге ойлау жүйесін жаңғырту қажет. Себебі, өмір сүру үшін өзгере білуіміз керек.
Америкалық саясаттанушы Карл Дойч ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде «Жаңғырудың сыни мәселесі – бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістер емес, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер» деген болатын. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана екені сөзсіз анық. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты. Аталған өзгерістердің өзекті бағыттары Елбасының мақаласында айқын баяндалып, ұсынылған. Сәселен, Махатма Ганди: «Егер сен әлемнің өзгергенін қаласаң, өзің сол өзгеріс бол» деген екен.
Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың нақты алты бағытына жеке-жеке тоқталады: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Сананы жаңғырту арқылы әрбір қазақстандықты қазіргі жылдам өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, өзін заманауи бәсекеге қабілетті адам ретінде қалыптастыруға толық болады.
Сыни тұрғыдан ойлау - қоғамның рухани саулығының кепілі және барлық әлеуметтік аурулардың басты жауы - адам мен қоғамның қалыпты дамуына мүдделі емес адамдар қауіп төндірген және қауіп төндіреді. Қазіргі заманға тән дүниежүзілік институционалдық және құндылықтық өзгерістер аясында әлеуметтік-философиялық сынның пайда болуы мен мәнін түсіну маңызды.Сыни ойлау постиндустриялық экономика мен постмодерндік мәдениетте өзінің бұрынғы түрінде бола алмайды.
«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалың халықтың көңілінен шыққан «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі түрде талдап көрсетті. Халық ассамблеясының 26 сәуірде «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық,
бірлік, келісім» тақырыбымен өткен 25-ші сессиясында 12 сәуірде жарық көрген сол бағдармалық мақаласын кеңейтіп түсіндірді. Қоғамдық сананы модернизациялау (қазақшалағанда – жаңарту) мәселесін таратып әңгімеледі. (Модернизацияны мен осылай, жаңару деп аударғанды дұрыс көрем.
Өйткені жаңғыру сөзі, менің ойымша, – ұмыт боп бара жатқан әлдененің қайта түлеуі (возрождение, ренессанс) ұғымын береді, ал алға қойылып отырған мәселе сананы жаңа сапаға көтеру жайында болғандықтан, бұл жерде жаңару (обновление, модернизация) сөзін қолданған дәлірек болар еді).
Тарих тұнбалары насихатталып, ұлттық құндылықтарымыздың бәсі артты. Бағдарламалық мақаланы басты мақсаты – елдің руханиятын, қоғамдық сананы жаңғырту. Біз бүгін қоғамдық сананы жаңғырту бойынша сөз қозғамақпыз.
Әлемде ұлы өзгерістер орын алып, алпауыт мемлекеттер жаһандық дәуірлеу кезеңіне бет алған кезде, біздің ұлттың тағдыры қыл үстінде тұрған еді. Ресей империясының қыл бұрауына түсіп, ешкімнің жанайқайы тыңдалмай, халық жаппай қырылған кезең еді бұл. Дәл осындай өмір мен өлім бәсекеге түсіп жатқан кезде білім мен даму сияқты құнды бағыттар кенжелеп қалды. Сол себепті қоғамдық сананың да деңгейі төмендеді.
Қоғамдық сананың төмендігі - үлкен дерт. Тәуелсіздік алған тұстан бастап бұл дерттен айығудың жолын іздеген Елбасы түрлі бастамалар жасап, қоғамдық сананы жаңғыртуды басты міндетке айналдырды.
Адам санасы түзей салатын техника немесе әлдебір материалдық дүние емес. Оның емі дұрыс ақпаратта. Қоғамдық сананы жаңғыртудан ұлттық болмысымыздың деңгейін көтеру шығады. Міне, көрдіңіз бе, бір-біріне ұштасып жатқан өте маңызды дүниелер.
Қоғамдық сананы жаңғырту үшін қандастарымызға тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды, әлемнің үздік дүниелерін, дамудың не үшін маңызды екенін жете түсіндіру керек. Осы ретте Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады.
Бағдарламалық мақала жоғарыда айтып өткен жасалу керек бағыттардың барлығын қамтиды. Мақала жарияланған бір жарым жылға жуық уақыттың ішінде көтеген игіліктер жүзеге асты. Атап айтсақ, еліміздегі киелі орындар насихатталып, белсенді әрі білімді азаматтардың еңбегі еленіп, шетелдік үздік әдебиеттер қазақ тіліне түпнұсқадан тәржімаланып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталып жатыр.
Бұл – ұлт тарихындағы ұлы белес. Бүгінде жұрты ғана қалған тарихтағы атынан ат үркетін көне қалалардың орынында қызу жұмыстар жүріп, әдебиеттерді аудару үшін арнайы құрылған Ұлттық аударма бюросы күні-түні жұмыс істеп жатыр. Ал еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары бұл жайттардың барлығын уақытында халық назарына ұсынуда.
Жаһанда «интегралды жан дүние» деген ұғым бар. Яғни, өзіңнің ішкі сарайың. «Рухани жаңғыру» халықтың санасын жаңғыртып, бәсекеге қабілетті ұрпақ жасауға ұмтылған кезде, қалған істің барлығы азаматтарға келіп тіреледі. Егер азаматтардың сана-сезімі үлкен, көңіл көкжиегі кең болса, онда әлгі бастаманы жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Азаматтар өздерінің санасын жаңғыртып, өздерін дамытып, Елбасы бастамасын жүзеге асыруға қолдау көрсетуіміз керек.
Ол үшін азаматтар жаһандық біліммен сусындап, кәсіп барысында қандай факторларға баса мән беру керектгін, бүгінгі заманның беталысын анықтау қажет. Сондай-ақ, өздерінің кәсіп аумағын кеңейтіп, тұрақты дамуды жолға қойғаны абзал.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамның санасын жаңғыртуды көздейді. Өйткені, даму шыңына жету үшін қоғамның ауызбіршлігі мен біліктілік, білімділік деңгейі қазіргіден біршама жоғары болуға тиіс.
Жарқын болашаққа бет алу үшін өз санаңызды жаңғыртыңыз. Бүгінгі күн – өзіңізбен жұмыс жасауға берілген мүмкіндік.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология Элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,
ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.
Сонымен модернизациялау дегеніміз артта қалған мемлекеттерді алда келе жатқан дамыған мемлекет қатарына қосу болып табылады.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері сол мақсатта жылдармен таласып өмір сүріп келеді.Бұл үшін бізге сыни тұрғыдан ойлай білу маңызды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.

  2. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.

  3. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет