Класы: 7
Пәні: биология
Тақырыбы: «Бунақденелілер»
Мұғалімі: Сералиева Мариям Сералықызы Биология пәнінің мұғалімі
Қазіргі уақыт талабына сай әрбір мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, өткізуге талпынады. Сабаққа әзірлену-мұғалімнің ең жауапты жұмысы. Сондықтан сабақ өткізу барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, халық педагогикасы рухында тәрбиелеп, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланамын. Осыған байланысты биология пәнінен өткізген сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыра отырып, бунақденелілердің сан алуандылығын, олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзара түсіністікке, сыйластыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өзін-өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі-түсті суреттер.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
А) Амандасу, түгендеу ә) Психологиялық дайындық
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адамдық
II. Үй тапсырмасын сұрау.
« Кубизм әдісі»
1. Буынаяқтылар деп аталу себебі неде?
2. Қанға тойған кененің мөлшері қанша?
3. Шаяндар қандай бөліктерден тұрады?
4. Буынаяқтылардың буылтыққұрттардан айырмашылығы?
5. Нимфа дегенді қалай түсінесің?
6. Өрмеккене қандай жәндік?
Жауабы:
1. аяғы бунақтардан тұрады
2. 30 мм-ге дейін жетеді
3. баскөкірек, құрсақ бөліктерден тұрады.
4. денесі хитинді затпен қапталған.
5. қуыршақ сатысынан сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын, буынаяқтылардың дернәсілі
6. мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді.
III. Ой қозғау.
I топқа Ара
II топқа Қоңыз
III топқа Шыбын
Әр топ сурет бойынша сипаттап береді, ойлануға 5 минут уақыт беремін
Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма
Жұмбақты шешіңіз.
Шартық құрсақ, сегіз көз
Арбандаған жүрісі
Жемін аулап өте тез,
Тоқыма тоқу- бір ісі (Өрмекші)
Қазақша жыл атауларын ретімен ата: қоян, сиыр, тышқан, барыс
( тышқан, сиыр, барыс, қоян)
Тест тапсырмалары.
1. Саусаққанатты балық (латимерия)
2. Тірі ағзаның барлығына тән қасиет (жасушадан тұрады)
3. Республикада раушангүлділердің саны (35)
4. Ересек қосмекендінің тыныс мүшесі (демтүтік, тері)
5. Жасыл эвгленаның көбеюі (жыныссыз)
6. Қай былқылдақденелілерде жақсы дамыған көз болады (сегізаяқ)
7. Сигналдың сигналы деген не (сөз)
8. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы (ұлпа)
9. Айқұлақтарда тыныс алу мүшесі (желбезек)
10. Жабық тұқымдас өсімдіктің көбеюі (гүл)
Жұмбақты шешіңіз.
Гүлді көрсе шүйіліп,
Сөлін сорып сүйініп,
Ұшып қонып жүреді
Қызыл-жасыл киініп. (Көбелек)
Тірі организмдердің тіршілік деңгейлерін ретімен ата ұлпа, жасуша, ағза,мүше (жасуша, ұлпа, мүше, ағза)
Тест тапсырмалары.
1. Гидраның жабын, қорғаныш атқаратын қабат
2. Бұршақтылардың жемісі
3. Тікентерілердің саны
4. Дене пішіні тұрақсыз қарапайым жалғанаяқты жәндік
5. Биология қандай ілім
6. Ең кішкене құс-колибри
7. Жануарлар дүниесінің тармағы-2
8. Талшықты паразит-лямблия
9. Қай былқылдақденелілерде жақсы дамыған көз бар- сегізаяқ
10.Айқұлақтарда тыныс алу мүшесі-желбезек
IV. Мағынаны тану.
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология деп аталады. (гректің «ентома»-бунақдене, «логос»- ілім) деген мағынаны береді.
Жануарлар дүниесі
Буынаяқтылар типі
Бунақденелілер класы
Класс тармағы
Туақанатсыздар Қанаттылар
Бунақденелілердің дене бөлігі
Бас бөлімінде екі мұртша, күрделі, жай құрылысты көздері мен көзшелері болады.
Көкірек бөлімінде қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын аяқтары мен қанаттары болады.
Құрсақ бөлімі көбеюге қатысады.
V. Жаңа білімді өздігінен меңгеру кезеңі.
I топтың жұмысы
1. Бас мүшесінде орналасқан мүшелер
2. Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің сан алуандылығы.
II топтың жұмысы
1. Шыбын мен масаның ауыз аппаратының типтерін анықтаңдар.
2.Қоңыздың түрімен аяғының типін анықтаңдар.
III топтың жұмысы
1. Бунақденелілердің көбеюі.
Рефлексия. РАФТ әдісі.
Р- роль, мұғалім тақырып айтады.
Тақырып «Құмырсқа мен шегіртке»
А- аудитория, 1топ осы тақырып бойынша әңгімелейді.
Ф- форма, II топ осы тақырып бойынша жақтап, даттау жайында хат жазады.
Т- тақырып, III топ құмырсқа мен шегірткеге сипаттама береді.
VI. Сергіту Сәті
VII. Үйге тапсырма беру
1. Бунақденелілер тақырыбын оқып келу
2. Бунақденелілердің суреттерін салу
3. Ізденіс жұмысы
1- топ «Зиянды бунақденелілермен күресу жолдары»
2- топ «Қазақстанның Қызыл кітабына енген бунақденелілер»
3- топ «Бунақденелілердің маңызы»
VIII. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |