«Менің құрдастарым» жобасы



Дата09.12.2019
өлшемі425,71 Kb.
#53248
Байланысты:
Айзаттың жобасы

«Менің құрдастарым» жобасы



Оқушы 1: Мен Абдулла Айзат Азаматқызы.Мен 2005 жылы ақпан айының 5 жұлдызында дүниеге келдім.Менің қызығушылықтарым өте көп.Оның бірі ол басқа тілді менгеру.Мен үшін өзге тілді білген үлкен бір жетістік,әрине өз ана тілімді ұмытпаймын.Жаңа нәрсе білуге құлшынып тұрамын.Менің мақсатым ол ата-анамның үміт ақтап,үлкен оқу орнына түсу,көптеген тіл меңгеріп,дүниежүзін аралау.Құдай қаласа оғанда жетерміз.

Оқушы 2:Менің аты-жөнім Жамал Диана Жұмаханқызы.Мен 2005 жылы шілде айының 16-шы жұлдызында дүние есігін аштым.Менің хоббиім- тамақ дайындау жәнеде жаңа тілдерді менгеру(ағылшын,түрік,орыс) .Менің алға қойған мақсаттарым аз емес.Мен ең бірінші мектепті жақсы бағамен тамамдап, ары қарай борт қызметкері яғни стюардесса мамандығын жетік менгеріп,өз оқуым бойынша адал жұмыс атқарып,қаражат жинап ата анамды Меккеге апарғым келеді.Міне менің ең нақты әрі алға қойған нық мақсатым.Осыған жету үшін шыдамдылық керек.

1! Жобаның мақсатын анықтап,әр кезеңге қатысты міндеттерді белгілеңіз.

Біздің басты мақсатымыз бұл өзіміздің жан жақтылығымыз бен жоба жасау барысындағы қабілетімізді байқауға көмек береді.Шешімін таппаған мәселе болса немесе қиыншылықтарымыз болса ашық түрде сөйлесуге мүмкіндік береді№Бұл жоба ерекше болмақ.

Міндеттіміз топпен жұмыс жасаған жағдайда ұжымдастық пен бірліктің болуы міндетті.Және сұрақтарға барынша ашылып,шынайы жауап беруіміз.

2! Жобаның бірінші кезеңі бойынша төмендегі сұрақтерға жауап беріңіз:

2.1! Сіздің өміріңіз бүгінгі күнге қалай сәйкес келеді?

Біздің өміріміз бүгінгі күнге сәйкес келеді деп ойлаймыз.Себебі,біздің өміріміз басқалардың өміріндей.Сабағымыз,қосымша сабағымыз бар әрі анамызға да үй шаруасымен көмектесеміз.



2.2! Өз бетіңізше ойлана алатындығыңызға сенімдісіз бе?

Иә,сенімдіміз.Өзіміз ойланып,ойымызды жарқын жеткізе аламыз.



2.3! Сіз өзіңізді тұлға деп санайсыз ба?

Иә,мен өзімізді үлгі тұтарлық тұлға ретінде санаймыз.Себебі,біз әркез қамқор әпке,жақсы көмекші және дарынды оқушы бола білдік.Оқу мен қатар барлық шаруаларды қоса алып жүрдік.Әрі өз ойымызды еркін,ашық жеткізе алдық.

2.4!Қандай жағдайда болсын тәуелсіз тұлға болып қалуға күшіңіз жете ме?Бұл үшін қандай қасиеттеріңіз болуы керек?

Иә,біз күшіміз жетеді.Себебі,әр адам тәуелсіз,өз ойын ашық жеткізе алады.Адамда шыдамдылық,төзімділік әрі адамгершілік қасиеттер болуы маңызды.Ал тәуелсіз тұлға болу үшін сонымен қатар басқа адамдардың ойын тыңдай білу қажет.Себебі,адам басқаның ойын тыңдай білсе,басқа адамдар сенің ойыңды тыңдай біледі.



2.5!Абырой, өзінің қадір қасиетін сезіну сияқты ұғымдар сіз үшін нені білдіреді?

Абырой,өзінің қадір қасиетін сезінуі сияқты ұғымдар біз үшін даңқ,өз өзін құрметтей білу керек екенін білдіреді.Егер сен бір жақсы іс жасасан бір абыройың көтеріліп,өзінің ісіңе қуанышты боласың.



2.6! Өзіңіз туралы бүкпесіз айта алатын адамды таптыңыз ба?Әлде өзіңізді жалғыз санайсыз ба?Жалғыздықты сезінесіз ба?

Иә,біз өзіміз жайлы бүкпесіз айталатын жанды таптық.Ол біздің отбасы мүшелеріміз және өзіміздің жан құрбыларымыз.Біз олардың қасында болсақ ешқашан жалғыздықты сезінбейміз.



2.7! Сіз не үшін өмір сүресіз?Сіз үшін өмірдің мәні неде?

Біз отбасымыз үшін,өзіміз үшін өмір сүреміз.Өмірдің мәні ол сен өміріңді қалай өткізетініне байланысты.Кейбіреулер өмірін оқумен өткізсе,кебіреулер отбасымен ал кейбір адамдар өмірін тек қызық үшін ғана жұмсайды.



2.8!Кімді сүйесіз? Кімге немқұрайлы қарайсыз және неліктен?

Ең алғаш болып Алла тағаланы одан кейін отбасымызды сүйеміз.Біз ешкімге немқұрайлы қарамаймыз.Барлық адамдармен бірдей араласып,бірдей көңіл бөлеміз.



2.9! Қандай сәттерде шынымен өмір сүріп жатырмын деп ойлайсыз?Осы минуттар,сағаттар,күндер неден тұрады?

Біз бақытты кездерімізде де қиындық түскен кездерде де барлық кездеде өмір сүріп жатырмыз деп ойлаймыз.Минуттар,сағаттар,күндер бақытты сәттер мен қиындықтардан тұрады.Бұл кезде біз шыдай білуіміз керек.



2.10! Сізді қатты толғандырған,ой салған не?Мүмкін ол сырт көзге білінбесе де,жаныңыз ауырып,өміріңізді күрт өзгерткен нәрсе шығар?

Жалпы өмірде әртүрлі жағдай болады.Бірақ біз өз өмірімізге дән ризамы.Сол себептіде біздің өмірімізге қатты әсер ететіндей,бізді қатты толғандыратындай жағдайлар болмады.



2.11! Сіз әлемді қалай өзгертер едіңіз?Бұл үшін не қажет деп санайсыз?

Біз өз өмірімізді өзгерткіміз келмейді.Себебі,бізге өз өміріміз ұнайды.



2.12! Мүмкін сіздің өзіңізге қоятын басқа да сұрақтарыңыз бар шығар?

Жоқ,егер сұрақтарымыз бар болса онымен ата анамызбен бөліміз



3!Жобаның бірінші кезеңінің қортындысы ретінде өзіңізге өзіңіз есеп беріп,талдау жасаңыз және өзіңіздің «Меніңізді» ашатын таныстырылым даярлаңыз.Қол жеткізген табыстар мен жетістіктеріңізді ортаға салып,қандай қиындықтар,кедергілер кездескені туралы айтыңыз,өз жетістіктеріңіздің құпияларымен бөлісіп, хоббиіңіз туралы айтып беріңіз.

Біз екеумізде бірге ағылшын тіліне қызығамыз әрі сол пәннен жақсымыз.Бірге неше түрлі олимпиадаларға қатысқанбыз.Және ағылшын тілінен мәнерлеп оқу жарыстарынада барғанбыз.Бұл тілді үйрену кезіндеде аздаған қиыншылықтар пайда болды.Басқа оқушылар секілді әдемі әрі түсінікті қылып оқымызда келді бірақ біз тырыстық.Бірақ ол оқушылар бізденде мықты оқитын болып шығып,біз әпкиден ұялғанымыз бар.Біздің жетістіктеріміздің құпиясы жоқ тек жақсы оқып,талпыныс болу керек.



4! Бірінші кезеңдегі атқарылған барлық жұмыстың,атап айтқанда,жобаның мақсатын анықтаудан бастап таныстырымға дейінгі барысын Жоба күнделігінде көрсетіңіз.

Бірінші кезең қызықты болды бірақ өзіміздің қиыншылықтарымыз болмады емес болды.Ойларымыз ә түрлі болып,кейде бөле алмай жаттық.Негізі жобаны ұжыммен жасаған қызығырақ болды.Жоба мақсаты орындалды деп ойлаймын.Жоба барысында мұғалімнің ақыл сұраған кездерімізде болды



2 кезең

1! Жобаның екінші кезеңінде өздеріңіздің сыныптастарыңыз туралы ақпараттарды қорытындылау қажет.

1.1! Сыныптастарыңыздың сыртқы келбеті,бет-бейнесі,қызығушылықтары,талпыныстары қандай?

Сыныбымыздың оқушылары пазлдағы пазл бөлшектері секілді біреуі болмаса орны бірден білінеді.Әрбір оқушының сырт бейнелері тиянақты әрі жылы шырайлы.Қызығушылықтары да бір бірінен ерекшеленеді.Мысалы ұлдар жағы көбіне спорт жағына жақын,ал қыздар жағы тіл менгеру дәне қолөнерге жақын.Барлығы өздеріне мақсат қойып соған деген талпыныстарын әрдайым ортада көрсетіп жүр.



1.2! Оларды қандай сұрақтар толғандырады?

Оларды аяғни біздің сыныптастарымызды болашақ мамандықтары мен ЖОО(жоғарғы оқу орындары) таңдау барысындағы толғандыратын сұрақмары бар екен.



1.3!Шешімін таппаған қандай мәселелері бар?

Шешімі табылмай жүрген мәселе жоқ.Сыныбымыз өте ұйымшыл әрі барлық мәселе,қиындық барысында бірге жеңіп шығамыз.



1.4! Қандай мамандықтар қызықтырады және қандай ерекшеліктерімен қызықтырады?

Әр оқушынын өз таланты және икемі келетін бағыты және қызығушылығы бар.Біреуі ұқыпты,сабырлықты қажеи ететін мамандыққа жақын болса,кейбіріміздің мінезіміз ондай болмай жатады.Сыныбымызда тіл мамандарына қызығатын оқушылар саны аз емес.



1.5! Сіздердің ойларыңызша,олардың қайсысы басшы,дәрігер,суретші,әртіс,инженер бола алады?

Сыныбымыздың ұқыпты,шыдамды,жылы жүзді оқушылары тіс дәрігері және медбике болатын секілді.Ал әрдайым билеп,би үйретіп немсе ән шырқап,сыныптың атынан ән,би байқауларына қатысып жүрген оқушылар өнер жолына бер бұрады деп ойлаймыз.Ал ағылшын,орыс және т.б. тілдерді менгеруге қызығатын оқушылар тіл мамандары яғни аудармашы немесе басқа да тілге қатысты маман иесі болып шығуы мүмкін.



1.6! Сіздер өз сыныптастарыңыздың болашағын қалай елестетесіздер?

Сыныбымның болашағы .Сыныбымыздан неше түрлі жұмысына адал,тиянақты мамандар шығады деп ойлаймын,мектеп қабырғасында бірге жүрген жолдастарымыздың ұйымшылдығы болашақта да дәл осылай болатынына кәміл сенімдімін.



1.7! Сыныбыңыз өз замандас,құрбы- құрдастарыңызды қалай бейнелеп,көрсетеді?

Адамды досына қарап таны демекші,замандас,құрбы -құрдастарымыздың барлығының жүзінен нұр шашылып бірін -бірінің қандай екендігіне шейін сөзсіз ақ көрсететін секілді көрінеді.Сынып болып бір жанұя болған соң солай болу керек деп ойлаймыз, әрине.



1.8!Қорытынды

Осы мақсатта сыныптастарымыз туралы мейілінше көп білеуге тырыстық,біз бір-бірімізге өзіміз жайлы айтып,қызығушылықтарымызбен бөлістік.Сыныптастарымыздың нені қалайтынын,мақсаты қандай екенін білдік.



2!Демалыс күндері табиғатқа серуендеуге шығыңыздар,тамашалаған спектакль,кинофильмді,тыңдаған концертті,оқыған кітапты бірлесіп талдап пікір алмасыңыздар.

Біз өз сыныбымызбен бірге серуенге шығып,көрген кино және оқыған кітаптарымыз туралы сөз қозғадық.Мысалы: бір оқушы «Балалық шаққа саяхат» атты кітаптың мазмұнын қысқаша әрі қызықты етіп айтып берді айтып берді де,біздің кітапқа деген қызығушылығымыздың оянуына себепші болған секілді.Сосын киноларды талкылап кызықты да ерекше көңіл күймен қайтқан болатынбыз.Пікір алмасу барысында қарама қайшы ойлар мен бірдей ойлар айтылып жатты.



3! Ұжымдық суреттер

Жоба бойынша және естелік суреттерінен колаааж жасап,ұжыммен жұмысымызды қорытындыладық.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет