Сабақ : Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны



бет73/76
Дата08.02.2022
өлшемі7,09 Mb.
#123704
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
6кл кмж




Қысқа мерзімді жоспар




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.3.2.шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатысты тұрақты сан екенін білу;
6.3.3.3.шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
6.3.3.4. дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;

Сабақ мақсаты

  1. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатысты тұрақты сан екенін білу, шеңбер ұзындығының және дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану.

  2. Есеп шығаруда шеңбердің диаметрін радиус арқылы салыстыру;

  3. Формуланы түрлендіре отырып, есептің тиімді жолын айқындау.

Бағалау критерийі

  • шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданының формуласын қолданады;

  • шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданының формуласын түрлендіреді;

  • шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданының формуласын ажыратады.

Тілдік мақсаттар



Оқытудың тілдік мақсаты: шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің аудан формуласын біледі, кестелерді құру және салыстыру, диаграмма мен сызбалар жасау біліктерін қалыптастыру.
Пәндік лексика және терминдер:
« -саны», «радиус», « диаметр», «центрі».
«анықтамалар мен формуласын дұрыс айта алады», «есептерді талқылайды», «өз ойын басқаларға жеткізе алады», «жіктейді», «қорытынды жасайды».
Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері: шеңбердің ұзындығы саны мен шеңбер диаметрінің ........ тең, дөңгелектің ауданы оның радиусының ..... мен -дің көбейтіндісіне тең, жазықтықта шеңбермен шектелген және центрі бар бөлігі .... аталады.

Құндылықтарға баулу


Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы бойынша топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық және достық қарым-қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқкарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

информатика (ақпарат алу, ақпаратты іздеу, ақпаратты өңдеу, ақпаратты талдау, қабылданған ақпаратты есте сақтау, ақпаратты жеткізу, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту).

Алдыңғы білім



6.1.1.5 масштаб ұғымын меңгеру.
6.5.2.3. шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері оқушыларға сабақ басталмас бұрын психологиялық ахуал туғызу.
(Ұ) Ширату.
Суреттер: Не болды? әдісі бойынша өткен тақырып бойынша суреттер көрсетіп, суретте не болып жатқанын және оның себебін түсіндіру қажет.
Оқушыларды кеспе қағаздардағы түрлі –түсті түстер арқылы топқа бөлу. Түстері бірдей оқушылар бір топқа топтасады.

Үлестірме



Сабақтың ортасы


І.Жаңа сабақ . «Авторлық орындық » әдісін пайдалану. Мақсаты: өткен сабақтағы алған білімдерін еске түсіру, кері байланыс жасау. Ортаға тақырыпты жақсы меңгерген оқушы шығып сабақты түсіндіреді.
«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болмақ?»
1.Шеңбердің ұзындығы саны мен шеңбер диаметрінің ........ тең.
2.Дөңгелектің ауданы оның радиусының ..... мен -дің көбейтіндісіне тең.
3. Шеңбер- барлық .... қайсыбір О нүктесінен бірдей қашықтықта жататын тұйық сызық.
4. -дің жуық мәні неге тең?
5. Жазықтықта шеңбермен шектелген және центрі бар бөлігі .... аталады.
Оқушылардың тақырыпты меңгеру мақсатында мына сұрақтарды қоямын. Диалогтық және қолдау көрсету: әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру маңызды рөл атқарады.
ҚБ. «Мадақтау» арқылы бағалау.

(Ж). 1-тапсырма

«Интервью әдісі» арқылы оқушылардың жұппен есеп шығаруда ілтипатпен, ынтымақтасық, қарыс –қатынаста бір-біріне зер сала отырып, әңгіме немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.
1. Радиусы 5см, 3,5м; 12 мм болатын шеңбердің ұзындығын табыңдар.
2. Ұзындығы 56 см; 7м; 18,6м болатын шеңбердің радиусын табыңдар.
3. 1) Радиусы 6см; 12м; 3,5см болатын дөңгелектің ауданын есептеңдер.
2) Ауданы 314 ; 12,56 ; 78,5 болатын дөңгелектің радиусын табыңдар.
4. Цирк аренасының шеңберінің ұзындығы 40,5 м. Аренаның радиусы мен ауданын табыңдар?
5. Цирк алаңының диамерті 13 м болса, онда цирк алаңының ауданын тап?
Өмірден мысал келтірейік:


ҚБ. Бірін-бірі бағалау.

(Ө. )2-тапсырма:
«Иә-жоқ» әдісі ақпарат алу үшін, оқушыларға сұрақ қойып, «иә», «жоқ» деп жауап беру арқылы кестені толтырыңдар:



Тапсырма

формула

иә

жоқ

1

Радиусы R –ге тең шеңбер ұзындығының формуласы











2

Диаметрі d-ға тең шеңбердің ұзыңдығының формуласы.









3

Радиусы R –ге тең дөңгелек ауданының формуласы









4

Диаметрі d-ға тең дөңгелектің ауданының формуласы









Дескриптор:
- шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданының формуласын біледі;
- шеңбердің диаметрін радиус арқылы өрнектейді;
ҚБ. «Бағдаршам» әдістері арқылы бағаланады.


(Т). 3-тапсырма.
«Венн диаграммасы» бойынша шеңбер мен дөңгелектің ұқсастықтарын жазыңдар.


Дескриптор:
- шеңбер мен дөңгелекті ұқсастығын біледі;
- шеңберден мен дөңгелекті ажырата алады;
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы топты бағалау.

Слайд 1


Үлестірме

Слайд 2


Слайд3

Сабақтың соңы


Қорытынды «Сыныптан шығу билеті». Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған тапсырмаларға жауап беру.
Рефлексия. «Идеялар себеті» арқылы жүргізілген әдісі бойынша. Егер оқушылар себеттен гүл мен жапырақтарға жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы осы сабақтан алған білімдерін тексеремін:

білемін

білгім келеді

білдім












стикер



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




1-тапсырма саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша кейбір оқуышалар басқаларына қарағанда жылдам есеп шығарады, негізгі тапсырмаларға көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беремін.
2-тапсырма саралаудың «Қорытынды» тәсіліді барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әр түрлі болады.
3-тапсырма саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілді кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады, қолдау көрсету және ынталандыру маңызды рөл атқарады.

«Ойлан-жұптас», «Бағдаршам», «Бас бармақ » әдістері қолданылады.

Сабақта сергіту жаттығулары
мен белсенді жұмыс түрін қолданамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет