Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері



бет23/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ

Әдістемелік ұсыныстар:
Дәрісте меңгерілген, зерделенген материалдармен семинар тақырыбын байланыстыра отырып, білімдерін бекіту.
Сұрақ-жауап:
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау мақсаты дегеніміз не?
2. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш қалай рәсімделеді?
3. Қамту саласын айқындау талаптары қандай?
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды қалай дайындалады?
5. Мүдделі мемлекеттік органдар
6. Қатысы бар аумақ дегеніміз не?


Әдебиеттер тізімі
1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2100000400 (ҚР Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі)
2. Стурман, В.И. Оценка воздействия на окружающую среду: Учебное пособие / В.И. Стурман. - СПб.: Лань, 2015. - 352 c0
3. Тарасова, Н.П. Оценка воздействия промышленных предприятий на окружающую среду: Учебное пособие / Н.П. Тарасова, Б.В. Ермоленко, В.А. Зайцев, С.В. Макаров. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2012. - 230 c.
4. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023809 («Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығы).


Практикалық сабақ № 15. І санат кәсіпорындары үшін ҚОӘБ-да техника мен технологияларға қойылатын талаптар
Сабақтың мақсаты: Кәсіпорындары үшін ҚОӘБ-да техника мен технологияларға қойылатын талаптармен қоса объектілерге қатысты мәліметтерді қарастыру
Негізгі қарастырылатын мәселелер:
1. I және II санаттардағы объектілерге қатысты "объект" термині
2. Эмиссия нормативтері
I және II санаттардағы объектілерге қатысты "объект" термині өзінің шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 1-бөлімінде (I санаттағы объектілер үшін) немесе 2-бөлімінде (II санаттағы объектілер үшін) көрсетілген қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі, сондай-ақ олармен технологиялық тұрғыдан тікелей байланысты болатын, объект орналасатын сол өнеркәсіптік алаң шегінде жүзеге асырылатын және осындай объектінің қоршаған ортаға эмиссияларының және өзге де жағымсыз әсер ету нысандарының көлеміне, санына және (немесе) қарқындылығына елеулі әсер ете алатын кез келген өзге қызмет түрлері жүзеге асырылатын стационарлық технологиялық объектіні (кәсіпорын, өндіріс) білдіреді.
III санаттағы объектілерге қатысты "объект" термині өздерінің шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде көрсетілген қызмет түрлері жүзеге асырылатын құрылыс объектісін (ғимаратты, құрылысжайды немесе олардың кешенін) немесе алаңды білдіреді.
4. Объектіні санаттарға жатқызу осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес:
1) осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсері міндетті бағалануға жататын, белгіленіп отырған қызметке қатысты – қоршаған ортаға әсеріне міндетті бағалау жүргізу кезінде;
2) осы Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызмет әсерінің міндетті скринингіне жататын, белгіленіп отырған қызметке қатысты – белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу кезінде жүзеге асырылады;
3) осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге белгіленіп отырған қызметке қатысты – осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, оператор дербес жүзеге асырады.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Объектілерді тиісті санатқа жатқызу кезінде:
1) қызмет түрлері (сала, саланың бөлігі, өндіріс, объект) бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету деңгейлері;
2) ластағыш заттардың шығарындыларындағы, төгінділеріндегі ластағыш заттардың уыттылық деңгейі, канцерогендік және мутагендік қасиеттері, сондай-ақ қалдықтардың сыныпталуы ескеріледі.
6. Осы Кодексте объектінің операторы деп меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға түсініледі.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектіні салу, реконструкциялау, пайдалану және (немесе) жою (кейіннен кәдеге жарату) кезінде жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтерді көрсету үшін объектінің операторы тартқан жеке және заңды тұлғалар объект операторлары болып танылмайды.
39-бап. Эмиссиялар нормативтері
1. Эмиссиялар нормативтері деп экологиялық рұқсатта белгіленетін эмиссиялардың шекті сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы түсініледі.
2. Эмиссия нормативтеріне:
1) жол берілетін шығарындылар нормативтері;
2) жол берілетін төгінділер нормативтері жатады.
3. Эмиссия нормативтері осы Кодекстің 11-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес ластағыш заттар тізбесіне енгізілген ластағыш заттар түрлері бойынша белгіленеді.
4. Эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, мынадай:
1) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген жағдайда – осы Кодекстің 76-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген тиісті шекті мәндерден;
2) осы Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізген жағдайда, оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау қажет емес екені туралы қорытынды шығарылса, – осы Кодекстің 68-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген тиісті мәндерден аспайтын деңгейлерде белгіленеді.
Өздеріне қатысты кешенді экологиялық рұқсат берілетін объектілер үшін эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларда келтірілген ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының тиісті шекті мәндерінен аспайтын деңгейлерде белгіленеді.
5. Белгіленіп отырған қызмет үшін, оның ішінде қызметке елеулі өзгерістер енгізу кезінде эмиссиялар нормативтері белгіленіп отырған қызметтің тиісті жобалау құжаттамасына байланыстырыла отырып әзірленетін және осы Кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алуға өтінішпен бірге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын жеке құжат – эмиссиялар нормативтерінің жобасы (жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы) түрінде есептеледі және негізделеді.
6. Эмиссиялар нормативтерін айқындау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша осы Кодекстің талаптарына сәйкес есептеу жолымен жүзеге асырылады.
7. Эмиссиялар нормативтерінің жобаларын әзірлеуді I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар тұлға жүзеге асырады.
8. Эмиссиялар нормативтері экологиялық рұқсаттың қолданыс мерзіміне белгіленеді.
9. Көрсеткіштері экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінен асатын қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемдері нормативтен жоғары деп танылады.
10. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың осы Кодекстің талаптарына сай келетін әдістерін қолдану салдарынан жүзеге асырылатын эмиссиялар нормалауға жатпайды және нормативтен жоғары деп есептелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет