Тақырыптың сусындар туралы болатынын анықтап алған соң,қандай сусындар туралы білетінін сұраймын.Сусындар туралы білімін толықтыру үшін, Тоқан Бердиевтің «Сусын туралы жыр» өлеңінің мазмұнын меңгерту үшін мәтінді оқытамын. Қандай сусындар атауымен танысқанын сұрай отырып мәтіндегі ақпараттарды қаншалықты меңгергенін
анықтаймын.
Дескрипторлар:
Мәтінді оқиды
Сусындардың атауларын анықтайды
Мәтін мазмұнын айтып бере алады
Мадақтау, қолпаштау ( жарайсың, керемет) сөздер арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін
Шөлдеген шөлді қандыратын сусындар туралы не білетінін анықтап, одан әрі білімін толықтырып, оқылым, айтылым,тыңдалым,жазылым дағдыларын жетілдіру үшін «Қабырғадағы роль» әдісін қолданамын. Бірінші топқа қымызға толы торсықтың , екінші топқа лимонадтың суреті салынған А3форматтағы қағазды таратамын.Әр топ өздеріне берілген сусын туралы не білетінін суреттің ішіне ақылдасып отырып жазады,
3 минут өткен соң осы сусындар туралы қосымша ақпараттар жазылған парақша беремін. Оқу дағдысын басшылыққа алып, осы кезге дейін білмеген жаңа ақпараттарын суреттің сыртына жазады.Топтың айтылым, келесі топтың тыңдалым дағдысын жетілдіру үшін жұмыс нәтижелерімен таныстырады. (6 минут)
Дискрипторлары:
Сусынның атауына байланысты білетін ақпараттарды суретің ішіне жазады.
Сусындар туралы қосымша ақпараттар мазмұнымен танысады.
Білмеген ақпараттарын іріктейді
Топтар бірін -бірі «От шашу» қалыптастырушы бағалау арқылы бағалайды
Қосымша ақпараттар:
Ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды, жүрек соғысы жақсарады
Лимонадтардың көпшілігі хош иісті лимон қышқылына аздаған қант пен бояғыш (көбінесе сәбіз) қосыла отырып дайындалады; су газдалады. Үйде лимонадты лимон қайнаған су, бояу мен қанттан жасалады. Табиғи лимонадтарды тәуліктен асқан мұзда (тоңазытқышта) ұстайды, бірақ газданбайды
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты
меңгергендігін зерделеу үшін «Маңызды аймақ» әдісін қолданамын. Оқушыларға сусындарға қатысты сипаттамалар жазылған қиындыларды беремін. Алғашқыда қымыз болған топқа лимонадтың, лимонад болған топқа қымыздың суретін беріп,таратылған қиындылардың ішінен сусындарының атауына сай маңызды деген анықтаманы қолдарындағы суреттің төңірегіне желімдетемін.Бұл тапсырмада оқушының жазылымнан басқа үш дағдысы жетіледі.
Дискрипторлары:
Анықтамалар мазмұнын түсінеді.
Сусындарының атауына сай маңызды деген анықтаманы іріктейді.
Ойын жеткізе алады.
Топтар бірін -бірі «Шын жүректен» қалыптастырушы бағалау арқылы бағалайды
«Оқиғалар картасы» әдісі
|
Достарыңызбен бөлісу: |