ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру
Органикалық заттар.Тірі жасушаның құрамына табиғатта кездесетін көптеген қосылыстар кіреді. Ондай қосылыстарға: көмір сулар, липидтер, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ және т.б. органикалық заттар жатады. Органикалық қосылыстар дегеніміз –молекуласының құрамына көміртек немесе оның қосылыстары кіретін, сон дай-ақ ауада және оттекте жанатын заттар.
Көміртек. Тіршіліктің өзі –құрамында негізгі элемент көміртек болатын көптеген ірі молекулалардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Органикалық заттардың негізін түзетін көміртек атомдары өзара байланысады. Көміртек - әр түрлі тұрақты қосылыстар түзіп, тірі организмде болатын молекулалардың сан алуандығын қамтамасыз ететін бірден –бір элемент.
Достарыңызбен бөлісу: |