Сабақ №, сабақ тақырыбы №2. Т. Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала». Уәде Оқу мақсаты (қысқаша)



Дата06.01.2022
өлшемі16,37 Kb.
#109731
түріСабақ
Байланысты:
5. Әдебиет №2


Пәні

Қазақ әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні

Сапарханқызы Жансая

Оқулық

Керімбекова Б., Қуанышбаева Ә. Қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия. Алматы: Мектеп, 2017

Сабақ № , сабақ тақырыбы

№2. Т. Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала». Уәде

Оқу мақсаты (қысқаша)

Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.



Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)






Іс-әрекет реті

Ресурстар

(мұғалім толтырады)

Орындалуы

(оқушы толтырады)

Мағынаны таны

Қысқаша тезисті конспект

Әңгімеде оқиға Есмағамбеттің Алматыдан елге келуінен басталады. Оқиғаның дамуына сәбидің салған әні негіз болады. Көлеңкеде алаңсыз ойнап отырған бала Есмағамбеттің Алматыдан келгенін естіген сәттен ерекше күйге түседі. Оның анасы да Алматыда еді. Ал мына Есмағамбет атасы тура анасының қасынан келіп отыр. Баланың көзіне сағыныштың жасы үйіріледі. Енді Сержан Есмағамбеттің жанынан шықпайды. Оған Есмағамбеттің Алматыға ала кетеуге берген уәдесі себеп болады. Сержан атасына құрмет көрсетіп, қызмет ете бастайды. Шай құйған кесесін алып береді, жастық береді. Үнемі Алматылық атасының төңірегінен табылып жүреді. Есмағамбет атасы да Сержанның көңілін табады. Балмұздақ алып береді. Аталарының ішіндегі жақсы көретіні де Есмағамбет атасы болады. Сержанды алып кетпек болған қонақтың ойын Балмағамбет атасы мен апасы мақұлдамайды. Сержан да соны сезгендей:- Сен бұл жолы мені Алматыға алып кетпей-ақ қой,-дейді.



+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле

Орында

Сюжеттің композициясы мен негізгі оқиғаны сәйкестендіріңіз.

Сюжеттің композициясы

Негізгі оқиғасы

1

Оқиғаның басталуы

a

Есмағамбеттің уәдесі

2

Оқиғаның байланысуы

b

Есмағамбеттің ауылға келуі

3

Оқиғаның дамуы

c

Уәденің орындалмауы

4

Оқиғаның шиеленісуі

d

Аулада ойнап отырған баламен танысуы

5

Оқиғаның шарықтау шегі

e

Көңілсіз қоштасу

6

Оқиғаның шешімі

f

Сержанның анасы мен әкесі жайлы айтуы

1.b 2.__ 3.__ 4.__ 5.__ 6.__





Рефлексия

Мен бүгін ... білдім


+ немесе – белгілерін қой

Мен енді ... білемін

(бағалау критерийлеріне сәйкес)





Мұғалімнен кері байланыс

(ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет