Сабақ № Сабақ тақырыбы Сағат Мерзімі 1 «А,Б,В» Қайталау



бет10/10
Дата10.04.2017
өлшемі1,16 Mb.
#13657
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


4 тоқсан

55

1

Нәтиже сабақ


1











Қайталау





11 модуль. Оқу құралдары. Менің сөмкем.

56

2

Оқу құралдары.


1





Оқу құралдары


Үндестік заң,тәуелдік жалғау


Сөмкеде не бар? Дұрыс жауап беру


6 тапс, 124 бет




57

3

Қаламмен жазамын.


1





Сызамын, қиямын, жазамын,бояймын,өшіремін,жапсырамын


Көмектес септік




5 тапс,126 бет




58

4

Өшіргіш пен ұштағыш


1





Ұштаймын,өшіремін, сурет саламын




Саған не керек? Сұраққа дұрыс жауап беру


4 тапс, 128 бет жаттау




59

5

Сурет сабағы


1





Ақша, гүлдер,сурет




Не саласың?- әңгімелеу


4 тапс, 130 бет 




60

6

Ғажайып түстер


1





Доға, кемпікқосақ,


Түстер

Қандай түске бояйсың? Сұраққа дұрыс жауап беру.

5 тапс,133 бет




61

7

Нәтиже сабақ.Мен не білемін?


1











Қайталау





12 модуль. Дүкенге барамыз.

62

8

Дүкендер

1





Дүкен түрлерін атау, ажырата білу




Дүкенде не бар?Не сатып аласың? Сұрақтарға дұрыс жауап беру


5 тапс,136




63

9

Азық- түлік дүкені


1





Азық-түлік атаулары


Сан есім

Қанша тұрады? Не сатып аласың? Сұрақтарды түсініп, жауап беру.

6 тапс,138 бет




64

10

Бауырсақ

1





Ұн, тұз, жұмыртқа,май,қант,сүт




Кім не пісіреді? әңгімелеу


6 тас,141 бет




65

11

Кітап дүкені


1





Ертегі, тақпақ, әңгіме




Қайда бардым, не сатып алдым-әңгімелеу


6 тапс,144 бет




66

12

Жазғы демалыс


1





Көқтемгі, жазғы ,қысқы, көктемгі,кітапша


Жыл мезгілдері, айлар




7 тапс,147 бет




67

13

Нәтиже сабақ. Диктант


1











Өткенді қайталау




68

14

Нәтиже сабақ. Мен не білемін?


1











Қайталау





Барлығы 14 сағат


2 сыныпқа арналған диктант жинақтары.

Сөздік диктант. 

Қаз, көз,екі, үкі,гүл,өшіргіш,мысық,алты,әже,қоян,мұрын, дәптер,қалам, мектеп, үлкен,ағаш, бесінші,тақта,сызғыш, балалар.


Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызу. 

Үстелде төрт кітап, бір қарындаш жатыр. Бөлменің ортасында үлкен үстел тұр. Олардың бөлмесі таза және жарық.


Біз кітап дүкеніне бардық. Қайрат екі кітап, он дәптер сатып алды.Дана екі кітап және бір қалам алды. Мен бір альбом алдым. 


Күн жылы. Қайрат өзенге келді. Қолына қармақ алды. Ол балық аулады. Өзенде балық көп.


Ойын түрлері.

«Ойлан, тап!»

Оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап береді. Кім? Деген сұраққа ата, әже, Арман, іні де жауап береді. Қайда ? деген сұраққа орындықта, партада, үстелде деп жауап береді. 

«Қайталай ғой»

Бір оқушы бір көкөністі атайды, екінші оқушы сол сөзді атайды және оған тағы бір сөз қосып қай талайды. Үшінші оқушы екі сөзді қайталап, оған бір сөз қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады. 

«Мені түсін»

Оқушылар бір қатармен тұрады. Алдында мұғалім тұрады. Ол бір баланың құлағына сыбырлап бір сөз айтады, оқушы осы сөзді келесі оқушының құлағына сыбырлайды, соңғы оқушы не естігенін айтады, дұрыс айтпаған бала осы сөзді бірнеше рет қайталайды. 

«Тақырыптық сөздер»

Оқушылар шеңбер құрап тұрады, мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы «Күз» оқушылар осы тақырыпқа арналған сөздерді айтып шығады.

«Өз жұбыңды тап»

Оқушылардың саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір сөзден таратып береді, олар дауыстап оқиды, осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Жаңбыр, жауады,көктем, айлары.

«Кім көп және тез?»

Мұғалім қазақ тіліне тән дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс бар сөзді атайды. Дұрыс айтқан оқушыға жұлдызша беріледі, кім көп жинайды сол жеңіп шығады.

«Сөзден сөз тіркесіне»

Оқушыларды сөзден сөз тіркесін құрастыруға үйрету. Мысалы: бәтеңке – қара бәтеңке.


Түсінік хат
Қазақ тілі 1 сынып Оқулық авторы: Б. У. Салыхова, А. Ж. Хазимова,М. Ж. Бейсебекова.
Барлығы 66 сағат. Аптасына 2 сағат.

«Алматыкітап» 2012


Ұсынылып отырған 1- сыныптың тақырыптық-күнтізбелік жоспары «Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 1- 4сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасына (2012ж.) сәйкес дайындалған және 1-сынып оқулығы оның жазу дәптерімен жұмыс істеудің тиімді жолдарын көрсетуге бағытталған.

Аталған бағдарлама авторлары «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілдерді меңгерудің 6 деңгейі мен олардың сипаттарының негізінде Қазақстан Республикасының өзге тілді жалпы білім беретін мектептерінің 1-11- сыныптарында қазақ тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымының айқындалғанын, соған сәйкес оқушының білім, білік, дағдылары бастауыш мектеп жүйесінде тілді меңгерудің 5 деңгейінің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп жетілгенін, 1- сынып – қарапайым деңгей (бастапқы игерім), 2-4- сыныптар бастапқы деңгей болып ажыратылғанын атап көрсетеді.


Ұсынылып отырған жаңа ОӘК-ге мыналар кіреді:

Оқу жылында қазақ тілін оқытуға 66 сағат бөлінген:

І тоқсан - 18 сағат

ІІ тоқсан - 14 сағат

ІІІ тоқсан – 18 сағат

ІV тоқсан - 16 сағат




Түсінік хат

Қазақ тілі 2 сынып Оқулық авторы: Б. У. Салыхова, А. Ж. Хазимова,М. Ж. Бейсебекова.
Барлығы 68 сағат. Аптасына 2 сағат.
Алматыкітап баспасы, 2013

Қазақ елін мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т.б. танып-білуге деген сұраныстары мен мемлекеттік қазақ тілінде және ана тілінде сөйлей алатын, өз ойын, пікірін қорғай алатын дара тұлға даярлауды талап етіп отырған қоғам талабына орай, базистік оқу жоспарында, өзге тілді мектептерде қазақ тілі пәні қазақ тілі негізінде  оқытылуда.  

Мемлекеттік тілде жалпы білім беру бағдарламаның стандартына сай құрастырылған. Оқушы компонент бойынша  сыныпта қазақ тілі пәнінен 2 сағат пайдаланады. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнін оқушыларға терең меңгертіп, қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, ауызекі тілде дұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған.

Сағат саны бойынша күнтізбелік жоспар мектеп оқу жоспарына сай келеді. 

1 тоқсан – 18 сағат

2 тоқсан – 14 сағат

3 тоқсан –20 сағат

4 тоқсан – 16 сағат

Барлығы -  68 сағат.           Диктант – 4

Тоқсан сайын  жазба жұмыстары міндетті түрде жүргізіледі.

            Тіл үйрету, яғни оқушыларға дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Халық ауыз әдебиетін, қазақтың ақын жазушыларының шығармаларын төл тілінде оқудың танымдық, тәлім-тәрбиелік және қазақ тілдік ортаның кеңеюінде маңызы зор.

              Қазақ тілін оқытудың мақсаты - мәдени-танымдық біліктілігі  дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Осы мақсатта 2-сыныпта мына міндеттерді шешу көзделеді:

- Өз бетінше оқып, түсініп,  баяндай алу;

- сөздік жұмысын жүргізе білу;

- сөйлеу әрекеттерін пәндік деңгейде атқара алу;

-логикалық оқу әрекеттерінің қарапайым түрлерін атқару;

- қазақ тілінде тілінде сөйлей алатын тілдік құзыреттілік біліктіліктерін қалыптастыру;

-қазақ тілде тілде де қарым-қатынас жасауға үйрету;

- жалпы тілдік мәдениеттің қалыптасуы;

-әр оқушының тілдік қабілетін толық ашу;

- өз бетінше белсенді тіл үйрену қабілетін арттыру;

- сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;

      
Түсінік хат

Қазақ тілі 3 сынып Оқулық авторы: Б. У. Салыхова, А. Ж. Хазимова,М. Ж. Бейсебекова.
Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат.
Алматыкітап баспасы, 2014

Ұсынылып отырған 3- сыныптың тақырыптық-күнтізбелік жоспары «Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 1- 4сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасына (2013ж.) сәйкес дайындалған және 3-сынып оқулығы оның жазу дәптерімен жұмыс істеудің тиімді жолдарын көрсетуге бағытталған.

Білім мазмұны оқу бағдарламасында көрсетілген 3 аяларды қамтиды:

І - Әлеуметтік-тұрмыстық ая;

ІІ- Әлеуметтік-мәдени ая;

ІІІ- Оқу-еңбек аясы

Әрбір ая ортақ лексика-грамматикалық тақырыптарға жіктелген бірнеше бөлімнен тұрады.

Әр бөлімнің соңында «Мен не білемін?» деп аталатын нәтиже сабақтан және өткен бөлім материалдарын қайталауға, жинақтауға негізделген «Менің кітапшам» сабағы қамтылған.

Сабақ барысында оқушылар сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім нәтижелеріне қол жеткізеді.
Ұсынылып отырған жаңа оқулыққа мыналар кіреді:


  • Қазақ тілі оқулығы

  • №1, №2, №3 жазудәптерлері

  • Аудиотаспа

  • Баспалы – демонстрациялық құралдар

  • Әдістемелік құрал

Оқу жылында қазақ тілін оқытуға 136 сағат бөлінген:

І тоқсан - 36 сағат

ІІ тоқсан – 28 сағат

ІІІ тоқсан – 40 сағат

ІУ тоқсан - 32 сағат

Сондай –ақ 4 сағат әр тоқсан сайын өткізілетін диктант жұмысына бөлінген.

Түсінік хат

Қазақ тілі 4 сынып Оқулық авторы: Б. У. Салыхова, А. Ж. Хазимова,М. Ж. Бейсебекова.
Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат.
«Алматыкітап» баспасы 2015ж

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды

Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен және ойды түсінікті жеткізуді мақсат тұтатын коммуникативтік бағытымен дәйектеледі.

Пән өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысын қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.

Білім мазмұнының желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая;

2) оқу-еңбек аясы;

3) әлеуметтік-мәдени ая.

Бағдарлама қазақ тілін үйренуге негіз болатын тақырыптық, аялық бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуін қарастырады. Басты мәселе сөйлесім әрекеттеріне негізделген тілдік және мәдени-танымдық құзіреттіліктер, қатысымдық (коммуникативтік), проблемалардың шешімін табу, ақпараттық түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

Пәнді оқыту мақсаты – қарапайым деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйреу.

Оқыту міндеттері:

1) оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;

2) оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;

3) қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту:

4) ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;

5) оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;

6) оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;

7) оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен, тақпақтармен және ертегілермен, фольклормен, көркем әдебиетімен, ойындармен таныстыру;



8) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Каталог: uploads -> doc -> 0170
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0170 -> Сабақтың тақырыбы: § 12. Экономика ұғымы. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0170 -> Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет