Пәні
|
География
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Жарылқапова Жанбота Құралбекқызы
|
Оқулық
|
Жаратылыстану.Р.Ә.Қаратабанов.Л.В.Верховцева.О.А Костюченко.В.И.Прахнау.Г.С.Бойко.С.А. Матвеева.М.Н.Мұсабаева.
Алматыкітап баспасы 2018ж
|
Сабақ №, сабақ тақырыбы
|
Табиғи ресурстардың жіктелуі
§№53-54Табиғи ресурстары қандай белгілер бойынша топтастыруға болады?
|
Оқу мақсаты
(қысқаша)
|
7.5.1.1 -табиғи ресурстарды жіктейді
7.5.1.2 -жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды
7.5.1.3- табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді;
|
Оқушының аты-жөні
(оқушы толтырады)
|
|
Іс-әрекет реті
|
Ресурстар
(мұғалім толтырады)
|
Орындалуы
(оқушы толтырады)
|
Мағынаны таны
|
Оқулық, 102-110 беттегі мәліметтермен таныс
Табиғи ресурстар – қоғам мен қоғамдық өндірістің түрлі қажеттілігін қанағаттандыру үшін, өндірістік күштерді дамытудың осы деңгейінде қолданылатын (немесе қолданылуы мүмкін) табиғат элементтері, табиғаттың маңызды компоненттері мен табиғат жағдайларының бір бөлігі..
Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолда-нылатын жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі
Сарқылатын ресурстарғажақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
https://malimetter.kz/tabigat-resurstary-zhane-olardyn-zhiktelui/
|
+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле
|
Жауап бер
|
Табиғи ресурстарды жіктелуі дегеніміз не ?
|
|
Орында
|
Табиғат ресурстары дегеніміз не?
Табиғат ресурстарының қандай түрлері бар?(түрлерін жай ғана жазып шық)
Сарқылатын
|
Сарқылмайтын
|
Қалпына келетін:
|
|
Қалпына келмейтін:
|
|
Табиғат ресурстары
|
?
|
?
|
?
|
?
|
?
|
?
|
Дүниежүзілік мұхит
Теңіздер
Көлдер
Өзендер
Мұздықтар
Батпақтар
Жер асты сулары
|
Топырақ
Егістік жерлер
Шабындық жерлер
|
Өсімдіктер дүниесі
Жануарлар дүниесі
|
Жағажайда
Тауда,
Санаторийлерде демалу арқылы денсаулықты қалпына келтіру
|
Күн радиациясы,
Температура,
Ылғалдылық,
Жел т.б.
|
Жердің қойнауынан алынатын пайдалы қазбалар.
|
|
|
Рефлексия
|
Мен білдім- тақырыптық ұғымдарды
Мен білемін – жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды
|
+ немесе – белгілерін қой
|
Үй тапсырмасы
|
«Табиғат ресурс» және «Табиғи жағдайы» түсініктері айырмашылықтары неде ?
Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді
|
|
Мұғалімнен кері байланыс
(ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)
|
|
Қосымша материал
Минералды ресурстар немесе пайдалы қазбалар жер қыртысында белгілі бір заңдылықтарға сәйкес бөлінген. Барлық отын қазындылар дерлік шөкпе қабатта шоғырланған. Темір рудалары мен түсті металл рудалары, көбінесе таулар түзілген аудандарда және жер қыртысындағы терең жарылған жерлерінде жинақталған.
Пайдалы қазбалардың Жердің беткі қабатында және қойнауында шоғырлануы, саны, сапасы және өнеркәсіпте пайдалануға жарамды жерде жатуы бойынша пайдалы қазбалар кен орны (мысалы, Қазақстандағы Қарашығанақ мұнай кеніші) деп аталады. Бұл – «пайдалы қазбалар мол, ал сапасы олардан басқа өнімдер алуға болатындай жоғары деңгейде болып, орналасу тереңдігі оларды жердің астынан қиындықсыз алатындай болуы тиіс» деген сөз. Олай болмаса, оларды өндіру шығынының (адамдардың еңбек төлемі, техника сатып алу және т.б.) барлығы өзін ақтамайды.
Табиғи ресурстардың үздіксіз таралуының тұйықталған аумағы бассейн деп аталады (мысалы, Қарағанды көмір бассейні).
• потенциальды (жалпы) қорлар – қол жетерліктермен қоса теориялық есептер және зерттеулер арқылы анықталған, бірақ әзірше техникалық және экономикалық пікірлерге байланысты игеруге болмайтын ресурстар (мысалы, өте тереңде жатқан қоңыр көмір, мұздақтардағы тұщы су қорлары). Сонымен қатар әзірше технологиялық жағынан шешілмеген термоядерлік синтезді басқару арқылы электро энергиясын өндіру. Былайша айтқанда потенциальды ресурстарды «болашақ ресурстары» деп атауға болады..
Табиғи ресурстардың бірнеше жіктелуі бар: пайда болуына (минералды, климаттық, топырақты, биологиялы-өсімдіктер және жануарлар), шаруашылықта қолдану түрлеріне (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық), сарқылуына байланысты (сарқылатын және сарқылмайтын).
Сонымен қатар сарқылатын табиғи ресурстар жоғарыда айтылғандай екіге бөлінеді: қалпына келетін және қалпына келмейтіндер.
Энергия алу және қажетті өнім жасау үшін адам табиғи ресурстарды табады, шығарады және өңдеу орындарына көшіреді немесе орнын ауыстырады, сүйтіп оларды ресурстық циклге қосады. Ресурстық цикл – бұл адамның барлық пайдалану сатысында болатын белгілі бір заттың немесе заттар тобының өзгеру және кеңістікте орнын ауыстыру жиынтығы. Ресурстар циклдеріне жатады: топырақ-климат ресурстары мен ауыл шаруашылық шикізатының циклі, шикізаттар ресурстарның циклі, энергетикалық ресурстар циклі, тірі табиғат ресурстар циклі.
Достарыңызбен бөлісу: |