Үйге тапсырма беру: Биіктігі 10-ға тең, диаметрі 4-ке тең цилиндрдің қиғашбұрышты фронталь диметриясын сал. Натурал координаталар жүйесін цилиндрдің табандары бұрмаланбай шеңберлерге проекцияланатындай етіп орналастыр.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Координаттар жазықтықтарының біреуін параллель орналасқан шеңбердің тік бұрышты изометриясы және қиғаш бұрышты фронталь диметриясы. Қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың сабаққа деген түсінігін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын,
мәдениеттілігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Алдыңғы өткен тікбұрышты изометрия және қиғаш бұрышты диметрия тақырыптары бойынша екі сабақты үйлестіре отырып, бірден жаттығуларға кірісеміз. Яғни, қайталау сабағын жүргіземіз. Сондай-ақ, жаттығулар орындаймыз. Центрі А(3; 1,5; 4) нүктесінде жататын радиусы 3-ке тең горизонталь жазықтықта орналасқан шеңбердің тікбұрышты изометриясын салу керек. Аксонометриялық осьтерді жүргізіп, А нүктесінің тікбұрышты изометриясын координаталары бойынша тұрғызамыз. Тұрғызылған А' нүктесі
арқылы х' және у' түзулеріне параллель түзулер жүргіземіз. Жүргізілген түзулерге А' нүктесінен бастап шеңбердің радиусына, яғни 3-ке тең кесінділер салып ромб тұрғызамыз (51-сурет). Ромбыға іштей сопақша саламыз. Салынған сопақша берілген шеңбердің изометриядағы кескінін береді.
М ы с а л . Ұзындығы 6-ға, қалыңдығы 2-ге және биіктігі 8-ге тең параллелепипед ортасынан тесілген, оның диаметрі 4-ке
тең. Нәрсенің қиғашбұрышты фронталь диметриясын салуды қарастырайық. Аксонометриялық осьтерді саламыз. z' осін вертикаль, х' осін оған перпендикуляр орналастырамыз. у' осін тұрғызу үшін бұрыштары 45°, 45° және 90° болатын бұрыштықты пайдаланған дұрыс (54, а-сурет). х' және z' осьтеріне 6-ға және 8-ге тең кесінділер салып, тіктөртбұрыш тұрғызамыз. Осы тіктөртбұрыштың центрін тауып, радиусы 2-ге тең шеңбер жүргіземіз. Содан кейін бас нүктені у' осі бойымен 1 кесіндіге ығыстырып, салуды қайталаймыз (54, ә-сурет). Көрінетін сызықтарды жұмсақ қарындашпен бастыра жүргіземіз де, көмекші сызықтарды өшіргішпен өшіріп тастаймыз (54, б-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |