Үйге тапсырма беру: Фронталь орналасқан АВ кесіндісінің фронталь проекциясы А1В1 және А нүктесінің горизонталь проекциясы А2 берілген (66, а-сурет). АВ кесіндісінің горизонталь және профиль проекцияларын сал.
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Жеке жағдайда орналақан кесінділер мен жазық фигуралардың проекциялары. Жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға жеке жағдайда орналасқан кесінділер мен
жазық фигуралардың проекциялары жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық
дағдыларын қалыптастыру.
б) Тәрбиелілік: Жауапкершілікті сезінетін өнегелі жеке тұлғаны
тәрбиелеу, өзара жолдастық көмек көрсете білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель орналасқан жазық фигураны деңгейлік жазық фигура деп атайды. Жазық фигура фронталь проекциялар жазықтығына параллель орналасса, оны фронталь орналасқан фигура дейді. Фронталь орналасқан жазық фигура фронталь проекциялар жазықтығына бұрмаланбай, өзінің нақты шамасын сақтап кескінделеді. Мысалы, центрі О нүктесінде жататын фронталь орналасқан шеңбер 1 жазықтығында - өзіне тең шеңберге, 2 жазықтығында - горизонталь кесіндіге және 3 жазықтығында - вертикаль кесіндіге проекцияланады (65-сурет). Горизонталь орналасқан жазық фигура 1 және 3 жазықтықтарында горизонталь кесінділерге, ал 2 жазықтығына бұрмаланбай, нақты шамасын сақтап кескінделеді. Профиль проекциялар жазықтығына параллель орналасқан жазық фигура 1 және 2 жазықтықтарында вертикаль кесінділерге, ал 3 жазықтығына бұрмаланбай, нақты шамасын сақтап кескінделеді. 63-суретте кескінделген параллелепипедтің жақтары қалай орналасқан? Параллелепипедтің 6 жағы бар, олар екі-екіден өзара параллель. Параллелепипедтің алдыңғы және артқы жақтары (АВМN және СDЕҒ) фронталь проекциялар жазықтығына, үстіңгі және астыңғы жақтары (АВСD және ЕҒМN) горизонталь проекциялар жазықтығына, сол жақтағы және оң жақтағы жақтары (АDҒN және ВСЕМ) профиль проекциялар жазықтығына параллель орналасқан.
Жаттығу
1. Горизонталь орналасқан СD кесіндісінің фронталь проекциясы C1D1 және D нүктесінің горизонталь проекциясы D2 берілген (66, ә-сурет). СD кесіндісінің горизонталь және профиль проекцияларын сал (|СD| = 50 мм).
2. Профиль проекциялаушы ЕҒ кесіндісінің ұзындығы 40 мм. Оның профиль проекциясы Е нүктесінің фронталь проекциясы Е1, берілген (66, б-сурет). ЕҒ кесіндісінің фронталь және горизонталь проекцияларын сал.
Үйге тапсырма беру: Горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан АВС үшбұрышының профиль проекциясын сал (66, в-сурет).
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелердің проекциялары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың таным қабілетін, логикалық ойлау
қабілетін дамыту, оқушыларды детальдарды кескіндеп,
бейнелеуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Детальдардың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,
қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс
жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Достарыңызбен бөлісу: |