Сабақ : «Туған жер» Мектеп :№104 Күні: 19. 10. 2016 Мұғалімнің есімі: Юлдашева Н



Дата31.07.2017
өлшемі72,53 Kb.
#22345
түріСабақ
«Бекітемін»

Мектеп директоры



Қысқа мерзімдік жоспарлау

Пәні: Әдебиеттік оқу



САБАҚ: «Туған жер»

Мектеп:№ 104

Күні:19.10.2016

Мұғалімнің есімі:Юлдашева Н

СЫНЫП: 3 «А»

Қатысқандар саны:14

Қатыспағандар саны:жоқ

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Мәтінің негізгі ойын сипаттайды,өзі туған жердің ерекшеліктерін ажыратады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Туған жер әсемдігін көре біледі, сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Туған жер туралы нақыл сөздермен мақал- мәтелдерді есіне тусіріп айта алады.

Кейбір оқушылар:.

Мәтінің негізгі ойын сипаттай,өзі туған жердің ерекшеліктерін ажырата алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: мәтінді мәнерлеп оқиды, әр оқушының өз елі жайлы түсініктерін жазады, Туған елін, жерін қадірлей біледі.




Негізгі сөздер мен тіркестер:




Туған елім , туған жерім, торсықтай, мамықтай, жердің нәрі,кербез аққулар жымыңдаған ару ай,  азаматтық борыш.




Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Туған елім , туған жерім, азаматтық борыш.




Талқылауға арналған тармақтар:




Туған жерге қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?




Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?




Балалар,  автор  өз  шығармасы  арқылы  бізге  не  айтқысы  келді  деп  ойлайсыздар?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Киелі – ерекше қасиеті бар.       Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс                                     Маңғаз – кербез, паң, тәкаппар.      Зеңгір – аспандай биік.

Алдыңғы оқу

Күз,күзгі еңбек туралы кеңінен біледі,білгендерін өмірде қолдана алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


Өтілген  тақырыптарды  қайталау  кезеңі

 Өткен  тараулар  бойынша қайталау

Мұғалім:  Балалар,  біз қандай тарау мен таныстық?

 «Маужырап барқыт қоңыр күз»

Мұғалім:  Ендеше, өтілген  тарау  бойынша «Сұраққа жетіп ал»әдісі арқылы жапырақ жинаймыз.

Жапырақтардағы өткен  тарау бойынша  сұрақтарға  жауаптары тыңдалады.Жапырақтардың түстері бойынша екі топқа топтасады.



«Ой шақыру» стратегиясы.

Туған жер сөзін естігенде  ойларына не келеді? Қағазға топтастырып жазады.

Бейноролик көрсетиледі

Туған елім – туған жерім

Туған елдің жұпар атқан ауасы, жүректей болып желмен лүпілдей соққан гүлдері, оның шынайы табиғаты,  туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі біздің туған елді құрайды. Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен — көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз –пайдалы қазбалардың ордасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына  қуанамыз.

Ағаш және жапырақ тар

А4 қағазы,маркерлер
Бейноро лик

Слайд



Ортасы

Бүгін сабақта біз Отынымыз, туған жеріміз жайлы әңгімелесеміз. Туған жеріне әр адам қалай қамқорлық жасауы керек екені жайлы ой қозғаймыз. Табиғаттың әдемілігіне тағы да бір назар аударамыз.
Жалпы, туған жерін сүймейтін адам кем - де кем. Ендеше, қазір бәріміз бір - біріміздің қолымызды ұстасып, үндеместен жанымыздағы достарымыздың туған жерге деген ықыласын, алақандарымыз арқылы сезініп көрейік. (Сезіндік пе?)
- Енді бойымыздағы әсерімізден арылмаған күйі «Құлпыра берші, кең дала!» атты өлеңді бәріміз қосылып айтайық.
- Құлпыра берші, кең дала!
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін!
- Балалар, сендерге рахмет айтамын. Енді орындарыңа отырыңдар!

Балалар бүгінгі сабақта Өтебай Қанахиннің «Туған жер» әңгімесімен танысамыз.

Әңгіменің авторымен таныстыру.  (слайд көрсету).

Өтебай Қанахин (1923-1990) Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Мұрагер», «Көл жағасында» т.б кітаптардың авторы. Туған жерге қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқулықтағы мәтінді іштей оқыту.

Ұжыммен оқушылар мазмұнын талқылайды,талқылау  қорытындысы «Ұшақ » әдісі арқылы 2 топқа сұрақтар  қою  арқылы  тексеріледі. Ұшақтың қанаттарында тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы орындау керек.

1-тапсырма

-Мәтінде туған жердің табиғаты, туған жердің байлығы, байтақ қазақ даласы  қалай  суреттелген?

2-тапсырма

-Қандай  жан-жануарлар,  құстар  туралы  әңгіме  болды?

Балалар,  автор  өз  шығармасы  арқылы  бізге  не  айтқысы  келді  деп  ойлайсыздар?

Оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларымен бөліседі



А4 қағазы,маркер



Аяқталуы

«Ауылым-туған жерім»тақырыбына«3-минут»ті эссе жазу және «Идеялар себеті»не салу.

Үйге тапсырмасын беру. Мәтінді мазмұндау. «Туған жерге хат»жазып келу.

Қағаз қиындыла ры

Қосымша ақпарат :

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

«Туған жер»  тақырыбына  сөзжұмбақ  құрастыру

Өзара бағалау, Екі жұлдыз бір тілек

Дүниетану,ноутбук.

Рефлекция. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.

Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі.

Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»

Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”

Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»


Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
...

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

...

...

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білді?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет