Сабақ №1-2 Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы. Мақсаты


ІІІ. Физикалық дамуды индекс әдісімен анықтау



бет3/25
Дата22.11.2022
өлшемі235,5 Kb.
#159419
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Саба №1-2 Балалар мен жас спірімдерді физикалы дамуы. Ма саты
Kazak salty 2, кмж (1), БӨЖ 3 Каликенова Сания ПМНО-21К
ІІІ. Физикалық дамуды индекс әдісімен анықтау
Физикалық дамудың индексі- әр түрлі антропометриялық белгілердің арақатынасын математикалық формулалар көмегімен көрсету. Бірақ адам денесінің өлшемдерінің өзгеруі біркелкі болмағандықтан физикалық дамудың индекстерін жобамен қолдану қажет.
І. Семіздік немесе Кетле көрсеткіші: СК = __Р_
L
Р- дене салмағы (г); L- бойдың ұзындығы. Бұл көрсеткіш семіздікті анықтайды- бой ұзындығының І см- не дене салмағының неше грамы сәйкес келетіндігін көрсетеді. Физикалық даму мықты болса бұл көрсеткіш: ер балаларда 400- 410 г/см, қыз балаларда 370-380 г /см болады.
2. Қол басы күшінің көрсеткіші: ҚКК = d x 100%
P
Р- дене салмағы (кг), d- қол басының динамометриясы. Бұл индекстің орта мөлшері: ер балаларда 60- 70 %, қыз балаларда- 40-50 %
3. Арқа бұлшық етінің күші: АК = S__
P
S- арқаның күші / кг/; Р – дене салмағы / кг/.
Бұл индекстің орта мөлшері: ер баларада 2,5, ал қыз балаларда 1- 1,5-ке тең.
4. Брок немесе бой-салмақ көрсеткіші:
Егер бойдың ұзыныдығы:
150 мен 165 см аралығында болса 100
165 пен 175 см аралығында болса 105
175 см ден көп болса 110
алынып тасталады, ол анықталған айырмашылық осы бойға сәйкес келетін дене салмағын көрсетеді.
5. Эрисман көрсеткіші: Т – 1_ х L
2
Т- кеуде қуысының шеңбері (қалыпты жағдайда), L- бойдың ұзындығы (см), 0 мен +5 аралығындағы индекс мықты физикалық дамуды, ал 0 мен -5 аралығындағы индекс нашар физикалық дамуды көрсетеді.
6. Пинье немесе жалпы физикалық дамудың көрсеткіші:
L – (Т+ Р)
Т- кеуде қуысының шеңбері (қалыпты жағдайда), L – бойдың ұзындығы (см), Р- дене салмағы (кг).
Егер қалдық 10-15 болса, физикалық даму орташа, ал 30- дан көп болса, физикалық даму нашар деңгейде болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Физикалық даму туралы түсінік.
2. Физикалық дамудың көрсеткіштері.
3. Физикалық дамуға әсер ететін факторлар.
4. Антропометрия түсінігіне жалпы сипаттама.
5. Адам ағзасындағы антропометриялық көрсеткіштер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет