Сабақ №1-2 Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы. Мақсаты



бет1/25
Дата22.11.2022
өлшемі235,5 Kb.
#159419
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Саба №1-2 Балалар мен жас спірімдерді физикалы дамуы. Ма саты




«МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАМУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР





Практикалық сабақ № 1-2
Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы.
Мақсаты:
1. Антропометриялық көрсеткіштерді анықтау әдісін меңгеру.
2. Оқушының физикалық дамуына баға беруді үйрену.
Құралдар: медициналық таразы, бой өлшегіш, спирометр, динамометр (қол және арқа бұлшықеттерінің күшін өлшейтін), сантиметрлік таспа, сызғыш.
Физикалық даму - әрбір жас кезеңдегі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерді көрсететін биологиялық процесс. Бала ағзасында үнемі морфологиялық және функционалдық терең өзгерістер жүріп отырады және мүшелер мен жүйелердің өсу және даму қарқыны бірдей болмайды.
Жұмыстың барысы:
Антропометриялық көрсеткіштерді анықтау
1. Дене салмағын анықтау. Р- дене салмағы. Дене салмағын медициналық таразымен өлшейді.
Дене салмағы көптеген экзо-және эндогендік әсерлерге байланысты. Дене салмағы тірек қимыл жүйесінің, ішкі мүшелердің дамуының, өсуінің негізгі айғағы. Оның максимальды түрде артуы, әсіресе қыз балаларда 13, ал ұл балаларда 15 жаста байқалады. 18-25 жасқа дейін дене салмағы көбейіп, кейін 40-46 жасқа дейін дені сау адамдарда бірқалыпта сақталады.
Дене салмағын анықтау
Р =10+2 * n
n – жасы
2. Бой ұзындығын анықтау. L-бойдың ұзындығы. Жыныстық жетілу кезінде бой ұзындығының өсу байқалады. 20-25 жастан кейін бойдың өсуі шектеледі. Дененің ұзындығы бой өлшегішпен анықтайды. Бойды тұрған күйде аяқ киімсіз өлшейді.
Бала бой өлшегіштің платформасында қолдарын түсіріп, денесінің үш нүктесімен: өкшемен, бөксемен, жауырын аралығымен плакнкаға жанасып тік тұрады. Баланың басы көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шетін қосатын горизонталь сызықтың деңгейінде болуы қажет. Бой өлшегіштің планшеткасын баланың төбесімен жанастыра төмен түсіріп, ақ шкала бойымен оның төменгі деңгейін анықтаймыз.
Бой ұзындығын анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет