Тапсырма: «Бөлме гигиенасы» және «Шылым шегудің зияны» деген тақырыптар бойынша әңгіме дайындаңыз.
Бақылау сұрақтары
1.«Класс микроклиматы» деген түсінікке не кіреді?
2. Бөлме ауасының химиялық құрамын қандай көрсеткіштер айқындайды?
3. Оқу барысында оқушылардың жұмыс қабілетіне ауаның химиялық құрамы әсер ете ме? Қалай әсер етеді?
4. Мектеп бөлмелеріндегі СО2- ң тезуге болатын ең жоғары концентрациясы қандай?
5. Желдету көлемі? Ауаны жаңарту мөлшері желдету коэффициенті дегеніміз не? Оларды не үшін анықтайды?
Есептер:
І. Бала, өскен сайын танысу алу жиілігі сирейді, әрі өкпеден шыққан ауаның құрамындағы оттегінің мөлшері кеміп, көмір қышқыл газының мөлшері артады. Бұл өзгерістердің арасындағы байланыстың механизмі қандай?
2. Дене еңбегімен айналысқанда өкпенің желдетілуі алу жиілігінің немесе тереідігінің артуы нәтижесінде болады. Қай организм үшін тиімді. Бұдан қандай физиологиялық және гигиеналық ескертулер туады?
3. Адам жатқанда және тік тұрғанда тыныс алу ырғағы бірдей бола ма? Бірдей болмаса, себебі неде?
4. Зерттелуші 1 мин. 4,5 л., ауа жұтты, ондағы оттегінің 250 мл қанға сіңірілді.
5. Қалыпты тиыштық жағадайда өкпе желдетілуі кезінде 1 л., ауадағы оттегінің 30 мл қанға сіңді. осы уақыт аралығында өкпе капиллярлары, арқылы қанның қанша мөлшері ағып өтті.
6. Ересек адам ауасында 1 % СО2 бар бөлмеге кірді. Бір рет дем алғаннан кейін ол бөлмеден шықты. бөлмеден шыққан бетте оның өкпе альвеолаларында қанша процент СО2 болады?
Практикалық сабақ № 9
Оқу барысында жұмыс қабілетілігін анықтау. Корректуралық кестесінің көмегімен қыртыстағы тежелуді зерттеу.
Мақсаты:
Оқушылардың ой еңбегі қабілетінің деңгейін корректуралық кестесінің көмегімен қыртыстағы тежелуді зерттеуді анықтауды үйрену.
Жұмысқа қажетті құрал - жабдықтар: Анфимов кестесі, секундомер.
Жұмыс барысы: Анфимовтың корректуралық кестесінің көмегімен қыртыстағы тежелуді зерттеу белгілі бір әріптің немесе әріптер жиынтығының өшіруімен жүргізіледі. Шартсыз тітркендіргіш ретінде белгілі бір әріптің түрі болып табылады, ал шартты реакция осы әріптің өшіру қимылы болып саналады. Анфимовтың корректуралық кестесінің әр жолындағы әріпті өшіре отырып, солдан оңға қарайды. Әр 30 сек сайын кестенің қаралған бөлігі нүктемен белгіленеді. Осылай бес рет қайталанады.
Достарыңызбен бөлісу: |