ІІІ. Жарық қуатын анықтау Барлық шамдардың қуатының (Вт) еденнің ауданына қатынасы. Бұл мына формуламен есептеледі:
ЖҚ = W*n S W – бір шамның қураты (Вт)
n – шам саны
S – еденнің ауданы (м2)
Мысалы: бөлменің ауданы 50 м2, шамдардың саны-6, бір люминесценттік шамның қуаты-40 Вт болса, жарық қуатының мөлшері қандай ?
ЖҚ = 40*6 =4,8 Вт/м2 50 Алынған нәтижені кестеге жазыңыз.
Жарық көрсеткіштері.
Кесте 14
Көрсеткіштер
Норма
Анықталған деректер
Терезе шынысының тазалығы
Жарық коэффициенті / ЖҚ/
Тереңдік коэффициенті /ТК/
Шамның жарық қуаты
+
Келесі жағдайларда ескере отырып, класс бөлмесінің схемасын салыңыз:
А) терезелердің орналасуы,
Ә) терезенің төменгі жиегінің биіктігі,
Б) терезелер аралығы (40-50 см болуы керек),
В) шамдардың орналасуы,
Г) бөлме қабырғаларының, жиһаздардың, тақтаның бояуы.
Қорытынды: анықталған нәтижелердің негізінде табиғи және жасанды жарықтың жеткіліктілігін көрсетіңіз.