Жұмыстың барысы:
1. Сабақтың басында жұмыс қабілетінің деңгейін анықтау.
Деректер қимыл жылдамдығының коэффициентін (КЖК) анықтау арқылы есептеледі:
ҚЖК= N
5* t
N – төрт шаршыдағы нүктелер
t – уақыт (бір шаршыны толтыруға жұмсалатын уақыт, секунд)
2. Сабақтың ортасында жұмыс қабілетін анықтау
3. Сабақтың соңында жұмыс қабілетінің деңгейін анықтау.
Оқу күні бойында байқалатын жұмыс қабілетінің динамикасын анықтау үшін, тестілеу оқу- күні басталар алдында, ортасында және соңында жүргізіледі. Алынған нәтижелер салыстырылады: ҚЖК жоғарылауы жақсы жұмыс қабілетінің жоғарлағандығын, ал төмендеуі шаршағандықты (қажуды) көрсетеді.
Практикалық сабақ № 11
Мектепте сабақ кестесін дұрыс құру ережелері.
Мақсаты:
Оқушылардың ой еңбегі қабілетінің деңгейін анықтауды үйрену және соған сәйкес әр сынып оқушыларына арналған сабақ кестесін жасауды үйрену.
Мектеп оқушыларының жұмысқа қабілеттілігі оқу күні бойында тұрақты болмайды. Алғашында ол төмен болады да, кейіннен 2-3-ші сабақтарда жоғарылап, оқу күнінің соңында ағзаның қажуына байланысты біртіндеп кемиді: кейбір жағдайда оның тез төмендеуі жұмыс қабілетінің динамикасының нашарлығына байланысты.
Жұмыс қабілетінің динамикасы көптеген факторларға байланысты: баланың жасына, төменгі сынып оқушыларында оның деңгейі төменірек, оптималдық жұмыс қабілеті қысқа болады. 1-3 сынып оқушыларының жұмысқа қабілеттілігі 2-ші сабақтан басталып, 4-ші сабаққа қарай тіпті төмендейді.
Орта және жоғары сынып оқушыларының жұмысқа қабілеттілігі 4-ші сабақта байқалады да, 5-ші сабақта компенсаторлық (қосымша) механизмдердің арқасында аздап жоғарылап, 6–шы сабақта қайтадан төмендейді.
Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі апта ішінде де тұрақты болмайды: дүйсенбі күні төмен болып, сейсенбі мен сәрсенбі де жоғарылайды. Бейсенбі оқушылар үшін қиын күн: жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Сондықтан бұл күні жеңіл сабақтарды қоюға табиғатқа серуен ұйымдастыруға, сынып сағаттарын өткізуге болады. Жұмыс қабілеті жұма күні де төмен болғанымен, бейсенбіге қарағанда жоғарырақ болады да, бұл күні көбінесе жеңілірек өтеді. Қиын күндердің бірі сенбі, бірақ демалысты күтудің әсерімен жұмысқа қабілеттілік жоғарылауы да мүмкін. Сонымен қатар сабақ кестесін жасағанда мына ережелерді де есте ұстаған қажет:
«Жеңіл» және «ауыр» пәндерді араластырып қою. С.В. Советов бойынша пәндер қиындығы келесі ретке сәйкес келеді.
І) математика және шет тілі;
ІІ) физика, химия;
ІІІ) тарих, табиғаттану, география;
ІV) орыс тілі, қазақ тілі, орыс және қазақ әдебиеттері;
«Жеңіл» сабақтар қатарына дене шынықтыру, еңбек, ән – күй, сурет сабақтары жатады. Бұларды соңғы сабақтың алдында қойған дұрыс: оқушылар аздап дем алғаннан кейін соңғы сабақ жеңіл өтеді. Сондықтан соңғы сабаққа қиындығы орта пәнді қоюға болады.
Сабақта көздің өткірілігіне зиян келмеуі үшін микроскоп қолданылатын, оқу және жазба жұмыстары көп жүргізілетін сабақтарды күннің жарық кезінде қойған дұрыс.
Жазу жұмыстары көп сабақтарды (қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі) ауызша өткізілетін (тарих, география) және көп ойлауды қажет ететін (математика, физика) сабақтарымен араластырып қою.
Сабақтарды жұптау дұрыс емес. Себебі біркелкі оқу материалы мидағы бір ғана нерв орталықтарына әсер етіп қажуды туғызады. (Тек Х – ХІ кластарда шығарма жазу үшін немесе физика мен химиядан лабораториялық жұмыс жасау үшін ғана қоюға болады).
Достарыңызбен бөлісу: |