Серуен кезеңдеріне жоспар құру, сипаттау Серуен



Дата15.01.2022
өлшемі17,86 Kb.
#111819
Байланысты:
экология СӨЖ 10


Серуен кезеңдеріне жоспар құру, сипаттау
Серуен –Мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын –алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.

Серуеннің міндеті: Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру. Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру. Баланың қимыл-белсенділігін арттыру. Баланың танымдық көркемдік – эстетикалық әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.

Серуен түрлері: 

1. Балабақша аумағында



2. МДМ нің территориясынан аулаққа жаяу серуен ересек топтар 2 км дейін.

Серуеннің мазмұны:

  1. Бақылау

  2. Еңбекке баулу

  3. Қимыл белсенділігін арттыру қимылдық спорттық, ойындар мен жаттығулар.

  4. Бала мен жеке жұмыстар

  5. Балалардың өзбетінше әрекеті

Серуенді ұйымдастыруда төмендігей жағдайларға көңіл бөлу:

  1. Жер үлескісінде ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау.

  2. Серуенді балалардың денсаулығын нығайтудың ең маңызды құралы ретінде кеңінен қолдану

  3. Балалрдың киімі мен аяқ киімінің ауа-райына сай болуы

  4. Балаларға жекелей ықпал ету

  5. Балалардың қимыл қозғалысы әрекетін тыныш әрекетпен іскер реттеуге алу

  6. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғау техникалық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау

  7. Серуенді өткізу деңгейін көтеруде

  8. Серуенге бөлінетін уақытты азайтуды болдырмау

  9. Серуеннің құрылысын сақтау

  10. Баланың үнемі бос болмауын ұйымдастыру қажет.

Балалар киіміне қойылатын талаптар
-Баланың киімі жыл мезгіліне сай және баланың ыссылап немесе тоңуына жол бермейтіндей, ауа - райына сәйкес болуы керек;
-Температура +3 тен - 3°С аралығында болған жағдайда баланың киімі (іш киімді қосқанда) 3 қабаттан тұруы қажет. Сырт киім жылы күртеше, шалбар немесе гамаж; аяқтарында жылы бәтеңке;
-Температура - 4 пен - 10°С аралығында болған жағдайда балаларға қысқы қалың күртеше мен 3 қабатты киім болуы шарт.
-Температура одан төмен болған жағдайда киім қабаттарын 4 - 5 - ке дейін, киім жылылығына қарай көбейту қажет.
-Жазғы маусымда күн тимеу үшін жазғы жеңіл күнқағар бас киім қажет.

Мектепке дейінгі мекемеде серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте (І кесте) арқылы талдау әдіскердің де, тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап қойылып отырғанын біледі, және серуенді жоспарлағанда жан - жақты ескеріп отырады. ІІ кестеде көрсетілгендей тараулар бойынша әдіскер серуенді талдағанда серуеннің барлық бөліктері ескеріледі. Серуен соңында қорытындыланып, ол қорытындымен тәрбиеші танысады және әдіскер ұсыныстар береді. Осылайша дұрыс ұйымдастырылған серуен баланың жан - жақты дамуына ықпал етеді.

Серуен арқылы балаға айналаны қоршаған орта туралы толық мағлұмат беруге болады. Бала ауа - райын, табиғатты, күнді, желді, топырақты, ағаштар мен жануарларды, құстарды бақылай отырып, білімін жетілдіреді. Серуен дайындықсыз өткізілмеуі тиіс. Олар танымдық мақсатқа құрылып, қызықты өткізілуі керек. Тәрбиеші жоспарлау барысында ақпараттық материалды кеңінен қолданғаны жөн. Олар төмендегі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс:
- Балалардың ой - өрісін кеңейту.
- Үйренгендерін ойын және ауа - райын дербес бақылау уақытында қолдана білуге үйрету.
- Табиғатқа деген қызығушылықтарын қолдау.
Серуенде балалар айналаны қоршаған әлемге таңдана қарайды, алайда көп нәрсені байқамайды, кейде тіпті ең басты нәрсені де көрмеуі, байқамауы мүмкін.
Егер тәрбиеші балаға көрсетіп, қызыққан затын түсіндіріп таныстырар болса, бала көп нәрсені білер еді. Мұндай мүмкіндікті ұйымдастырылған серуен ғана береді. Әр серуен кезінде бала жаңа нәрсемен танысады, бұрынғыларын меңгереді. Балаларды табиғатпен таныстыруда: өлі табиғат, тірі табиғат, өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі және табиғаттағы еңбекке мән берген жөн. Серуен барысындағы қимылды ойындар мен қимыл - қозғалыстар, балалардың денсаулығы мен өзін сезінуіне үлкен әсерін тигізеді. Ережеге бағынатын ойындарды қажетті атрибуттарды қолдана отырып ойнату, мінез - құлықтары әртүрлі болып келетін балаларды біріктіруге, ұжым болып достасып ойнауға мүмкіндік береді.

Серуен – әр күн тәртібіндегі орны ерекше шара. Табиғат бала санасында терең із қалдыра отырып, оның сезімінің көптүрлі, ашық болуын қамтамасыз етеді. Табиғатпен таныса отырып, бала байқампаз, сақ аңғарымпаз болуға үйренеді. Бала қоршаған ортаны танып білуі үшін, уақытты кеңінен қолдана білуіміз қажет, әсіресе серуен барысында балалар түрлі қызықты мәліметтер ала алады.
Табиғат бала санасында терең із қалдыра отырып, қоршаған ортаны тануына көмегін тигізеді. Ол шегірткенің, торғайдың шырылын естіп, қардың ұсақ ұлпалардан, таңғажайып суреттен тұратындығын біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет