Plural form (Көпше түр)
1. Зат есімнің көпше түрі жекеше түрдегі зат есімнің соңына -s көптік жалғауын қосу арқылы жасалады. Мысалы: pen → pens, hand → hands, finger → fingers және т.б.
2. s, ss, x, sh, ch әріптерімен аяқталатын жекеше түрдегі зат есімдерге -es көптік жалғауы қосылады. Мысалы: fox → foxes (түлкі → түлкілер)
class → classes (сабақ → сабақтар)
bus → buses (автобус → автобустар)
bench → benches (орындық → орындықтар)
3. -Y әрібімен аяқталатын жекеше түрдегі зат есімдерге -es көптік жалғауы қосылып, соңғы Y әрібі I әрібіне өзгереді. ЕГЕР соңғы тұрған Y әрібінен алдын дауыссыз әріп тұрса!!! Мысалы: city → cities (қала → қалалар)
army → armies (армия → армиялар)
4. -Y әрібімен аяқталатын жекеше түрдегі зат есімдерге -s көптік жалғауы қосылады. ЕГЕР соңғы тұрған Y әрібінен алдын дауысты әріп тұрса!!! Мысалы: day → days (күн → күндер)
toy → toys (ойыншық → ойыншықтар)
5. -s көптік жалғауы қосылмай, түбірден өзгеру арқылы көпше түрді жасайтын зат есімдер бар. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |