(Б, Т, К, ф) «Допты көршіге жалғау» Оқушылар шеңберге тұрады, доптар шеңберде қарама-қарсы бағытта болады. Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар допты бір бағытқа көршісіне жалғай береді солай бір доп екіншісіне жетіп алу керек. Бір мезгілде екі доп та қолында қалған оқушы жеңліс табады. Содан соң доп келесі бағытқа айналу арқылы ойынды қайталаймыз. Ойыннан соң допты белсенді жалғай білген ойыншылардың аттары аталатын болады. Допты жерге түсіріп алған ойыншы допты кері көтеріп жалғастыру керек толық емес шеңберде ойын жалғаспайды. Ойыншы міндетті түрде допты қасында тұрған ойыншыға беру керек.
ҚБ: бағдаршам амалы (сабақ барысында оқушылар үш түсті (қызыл, сары, жасыл) қағаз қиындыдларын жинайды және ол қиындыларда ынталандыру сөз тіркестері жазылған).
Жоғарыдағы тапсырмаларды бағалау дескрипторлары:
1. оқушылар әріптесіне допты тез жалғайды;
2. оқушылар допты тура жалғайды.