|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сыныбы: 8
Сабақ 59-60
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспағаны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету.
|
Оқу бағдарламасына сілтеме жасау
|
5.3.1.1 - денсаулықты сақтаудың маңыздылығын білу және түсіну
5.1.4.1 - қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын білу және анықтау
|
Сабақтың мақсаттары
|
Төзімділік, ептілік және зейінділікті дамытуға ықпал ету
Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.
|
Жетістік критерийлері
|
"Көшбасшылық" сөзінің мағынасын біледі.
Қашықтықты жылдам жүгіріп өтеді.
Қозғалмалы ойындарда көшбасшылық дағдыларды көрсетеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:
жүгіру
жылдамдықты үдете жүгіру
жылдамдық
көшбасшылар
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бұл сабақта математика пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады: метр, өлшеу, санау.
|
АКТ пайдалану дағдылары
|
Интербелсенді тақтада эстафеталық жүгіріс туралы бейнекөрініс көрсету
|
Бастапқы білім
|
Оқушылардың эстафеталық жүгіріс туралы танымы бар
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезендері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар:
|
Сабақтың басы
10 мин.
|
Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.
Жүгіру жаттығулары.
Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары.
|
Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.
|
Сабақтың ортасы
25 мин.
|
Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Эстафеталық жүгіріс туралы бейнекөрініс көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру..
(Б, Т, Ж, Ф)
Командалар эстафетада жарысады.
Ойын түрлері:
а) Қатысушылар лекке тұрып бір-бірден жүгіреді. Ойыншы айналу белгісіне дейін жүгіріп, кейін келеді, кейін келесі ойыншы жүгіреді.
б) Қатысушылар бір қатарға тұрады. Мәре сызығына қарай бірге жүгіріп, бірге кері қайтып келеді.
в) Бір команданың екі топшасы бір-біріне қарама-қарсы лекке тұрады. Әр жүгірісте орындарын ауыстырып отырады.
|