Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Тартыс-айқас ойыны туралы презентация көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру. (Ф,Тәж,Б)Тартыс-айқас ойыны. Міндеттері: Жерге арасы 4-5 метр болаты екі бірдей сызық сызылады. Оқушылар екі командаға бөлінеді, мүмкіндігінше күштілігі бірдей болуы керек. Яғни екі командада ұлдар мен қыздар саны бірдей. Командалар сызыққа тұрады. Қай команда бірінші бастайтынын анықтау үшін жреби тартуға болады. Команда бірінші болып бастайты ойыншыны таңдайды және ол ойыншы «Мен тартамын» деп ортаға шығады. Қарсы командадағы барлық ойыншы бір қолдарын алға созады бірақ сызықтан шықпайды. Ортаға шыққан ойыншы қарсы командадағы бір ойыншыны таңдап өзіне тартады. Ортаға шыққан ойыншы қарсы тұрған ойыншыны тартып алса өзінің командасының қатарына тұтқыншы ретінде қояды, ал егер ортадағы ойыншыны сызықта тұрған ойыншы тартып алса ол ойыншы өзінің командасының қатарына қояды. Командалар кезекпен кезек тартады. Әр команда кімнің ортаға шығып тартатынын өздері анықтайды. Бағалау дескрипторлары: - Оқушылар дұрыс қалыпты ұстанады және қолдарын дұрыс ұстайды.