Практикалық сабақ 13. Ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары
Мақсаты: Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары
Жеке қорғаныс құралдары - жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Ж.қ.қ-на газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киім-кешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, қолғап) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |