Мұндағы x – аргумент, y – функция. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады. 1 - мысал: функциясының анықталу аймағы 4 санынан басқа барлық нақты сандар,
яғни
2 - мысал: y=x2 немесе f (x)=x2 функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.
3 – мысал. y=1/x немесе f (x)=1/x функциясының анықталу аймағы 0-ден басқа барлық нақты сандар жиыны.
Егер функцияның анықталу аймағы көрсетілмесе, оның анықталу аймағы осы формуланың мағынасы болатын аргументтің барлық мәндерінен тұрады.