Сабақ:3
|
Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
|
Күні: 1.10.2015
|
Мұғалімнің есімі: Скакова А.С
|
Сынып: 2
|
Қатысқандар саны: 18
|
Қатыспапағандар саны: 2
|
Сабақ тақырыбы
|
Сыйға-сый
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Адам мен табиғат арасындағы байланысты анықтау. Табиғаттың берер сыйын қастерлеу, оған құрметпен қарау керектігін түсіну, пікір айту, дәлелдеу.
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар:
|
Адам өміріне қажет нәрселердің барлығы табиғаттан алатынын, айналадағы дүниемен дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін түсінеді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Диалогке түсе отырып, ситуациялық жағдаяттардан ненің жаман, ненің жақсы екенін айтады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Қоршаған ортаның, табиғаттың адам өміріндегі маңызды рөл атқаратынын түсінеді, ойларын дәлелдейді.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Барлық оқушылар мәтінді оқиды мазмұнын түсінеді.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Табиғат, өсімдік, табиғатқа құрмет,табиғаттың берер сыйы.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Өсімдікке күтім керек, зиянкестерден қорғау, табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасау
|
Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?
|
Сөздік жұмысын жүргіземін
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Зиянкестер, зақымдану, күтім
|
Алдыңғы оқу
|
«Нан қайдан келеді?» тақырыбында сурет салуын, мәтінді оқуы, мағынасын түсінуін тексеру
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
2 минут
- үй тапсырмасын тексеру;
6 минут
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
|
Ынтымақтастық жағымды ахуал туғызу Тілек айтылады
Қайырымды жүрекпен
Мейірімді тілекпен
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсейік!
Алфавит бойынша есімдерінің алғашқы әріптерінің орналасуына байланысты топқа бөлу
Топ ережесін еске түсіру, көшбасшы сайлау, бағалау парағын тарату, түсіндіру
«Галереяда ой шарлау»
«Нан қайдан келеді?» тақырыбында суреттеріне шолу, 2-3 суретке талдау қалғандарын үзілісте қаралатыны ескертіледі, өтілген тақырып бойынша әңгіме
2-3 оқушыға салынған суреттерін қорғату
-Қандай өсімдіктердің түрлерін білесіңдер?
|
Тілектер айтады
Топқа бөлінеді
Ережені еске түсіреді
Суреттері бойынша қорғау жұмыстарын жүргізеді
Оқушылар өз жұмыстарын бірін-бірі бағалайды
( үзілісте)
Өтілген тақырып бойынша әңгімелейді
Сұрақтарға жауап береді
Шөптесін, бұта, ағаш өсімдіктері барын айтады
|
Ереже, бақылау парағы,
Оқушылардың әңгімесі, суреттері
Сұрақтар
Слайд
Оқулық, сұрақтар
Оқулық, дәптер
Постер, сурет-тер, желім, түрлі-түсті маркерлер
Кесте
Сұрақтар
Электрондық оқулық
|
2-кезең: Мағынаны ажырату:
6 минут
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа
- білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
|
- Өсімдіктердің адам
өмірінде қандай маңызы бар?
Слайдпен жұмыс
Адам өміріндегі өсімдіктердің алатын орны мен маңызы туралы айтылады.
Сұрақтар қою
-Осы жеміс ағаштарынан тек қана жемісін алуды ойласақ, не болады деп ойлайсыңдар?
-Ол үшін не істейміз?
- Өсімдіктерді зиянкестерден қалай қорғауға болады?
|
Ашыққанда тамақ
Шөлдегенде сусын,
Ыстықта көлеңке, сая.
Суықта баспана.
Адамның көңіл күйін көтереді.
Сұрақтарға ойланып, мысалдар келтіру арқылы жауап береді.
|
3-кезең:
Ой-толғаныс:
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
10 минут
-синтез, бір-бірімен ой бөліседі
12 минут
9 минут
|
Мәтінмен жұмыс
Дәптермен жұмысты қатар жүргізу.
Әр топ мәтінді оқиды, ағаштың күтімі туралы, тақырыпқа байланысты сұрақтар құрап басқа топтарға қояды.
-Мәтіннің тақырыбы неге «Сыйға-сый» деп аталған деп ойлайсыңдар?
«Жағдаяттарды талдау»
«Т кестесіне» байланыстырып шешуге кеңес беремін
Сурет бойынша жұмыс
І топқа Ағашты сындыру
ІІ топқа Құстарға қиянат
ІІІ топқа Орманға шырпы тастау
ІV топқа Қоршаған ортаны ластау
-Осындай әрекетердің салдары неге әкеп соғады деп ойлайсыңдар?
- Ұқсас жағдаяттарды көрген кезде не істер едіңдер? деген сұрақтар қойылады.
Осындай төрт жағдаяттардың салдары мен оны болдырмаудың жолдарын қарастыруды ұсыну
«Байланысын тап»
Күтедісыйлайды
суғарады құрметтейді
тазартады қамқорлық
қорғайды
- «Не ексең, соны орасың» мәтелінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Электрондық оқулық Табиғатты қорғау ережелері туралы айтылады Табиғатты қорғасаң, ол да саған сыйын береді. Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол - ырыс пен мол қазынаның көзі
|
Оқушылар мәтінді оқиды мазмұнына сай сұрақтар құрайды.
Мысалы:
-Ағашқа қандай күтім қажет екен?
-Ағашты кім күтеді?
-Бағбан ағашты қалай күтеді?
-Ағашты сындырған бала не деп ойлайды? т.б.
Оқушылар суреттерде берілген жағдаяттарды ой елегінен өткізеді, талдап, одан шығу жолдарын қарастырады, өз ойларын ортаға салып қорытынды жасайды.
Адам мен табиғаттың тығыз байланыстылығы жөнінде өз ойларын айтады
Ортақ қорытындыға келеді
Адам табиғатты қорғаса, табиғат оған әсем табиғатын сыйлайды...
Сұрақтарға жауап береді
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар
(үй тапсырмасы)
|
Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жаттау
|
Қосымша ақпарат
|
Табиғатты қорғау ережесі
|
Саралау
- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау
- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.
|
- Өсімдіктердің адам
өмірінде қандай маңызы бар? т.б. жетелеу сұрақтарын пайдаланамын
Слайдпен жұмыс
Оқушылар адам өміріндегі өсімдіктердің алатын орны мен маңызы туралы білетіндерін айтқызу
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыртып басқа топтарға қойғызып, жауап беруді жоспарладым
Мәтіннің негізгі ойын өздеріне анықтату
Жағдаяттарды талдау кезінде «Т кестесін» қолдану
|
Бақылау парағы
(топ басшы)
1.Үй тапсырмасының орындалуы
2.Сұрақтарға жауап беруі
3. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруі, сұрақтар құрауы
4.Топтағы белсенділігі (өз ойын айтуы, пікірлесуі)
«Бас бармақ» бағалауын топ жұмыстарын бағалауда мәтінмен жұмыста қолданамын
|
Әдебиеттік оқу
Сыныпта қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері орындалды
Электрондық оқулықты пайдалану
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық.
|
Оқушы оқу мақсатына жетті,себебі:
Оқушылар тақырыптың негізгі ойын ашты. Топта мәтінмен, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда, жағдаятты талдау барысында тақырыптың мағынасын толық ашып, түсінді
|
Оқушы оқу мақсатына талпынады,себебі:
Оқушылар топтық жұмысқа реттеліп қалды, оқушылар өз эмоцияларын көрсетіп, топпен қызу жұмыс істеп отырса да қорғаған кезде өз ойларын айтуда белсенділіктері арта түссе
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Оқу неге бағытталған болды?
Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?
|
Сабақтың мақсатын оқушыларым адам өміріне қажет нәрселердің барлығы табиғаттан алатынын, айналадағы дүниемен дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін ұғынып,
табиғаттың берер сыйын қастерлеп, оған құрметпен қарау керектігін түсініп, пікір айтып, дәлелдесе деп алдым.
Сабақ барысында оқушылар адам өміріне қажет нәрселердің барлығы табиғаттан алатынын, айналадағы дүниемен дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін түсінді.
Оқушылардың басым бөлігі диалогке түсе отырып, ситуациялық жағдаяттардан ненің жаман, ненің жақсы екенін айта алды.
Ал, кейбір оқушылар қоршаған ортаның, табиғаттың адам өміріндегі маңызды рөл атқаратынын түсініп, ойларын дәлелдей алды.
Үй тапсырмасын қорғаған кезде оқушыларым белсенділік танытты. Барлығы өз жұмыстарын галереяға қойды.
Жағдаяттарды талдаған кезде «Т кестесіне» сүйеніп орындауды тиімді болар деп шештім
Берілген уақыт ішінде жоспарланған әдіс-тәсілдер арқылы жұмыс істеп үлгердік деп ойлаймын.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Галереяда ой шарлау» үй тапсырмасын тексеруде барлық оқушының жұмысы, белсенділіктері көрінді деп ойлаймын
2. Жағдаяттарды талдаған кезде оқушылар өз ойларын айтып, өмірмен байланыстырғандары жақсы болды
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушыларға мәтіннің мазмұны бойынша кейбір оқушылардың сұрақтар құрастыртып, сол қойылған сауалдарға басқаларының жауап бергені жақсы болды
2. Жағдаяттарды талдау кезінде «Т кестесін» қолдануды ұсынуым тиімді болды
Бақылаудағы үш оқушы да өз білсенділіктерін танытып отырды. Оқушылардың өзгерістерге бойларын үйреніп қалғаны сабақты жақсата алды деп ойлаймын.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?
Келесі сабағымда оқушылардың барлығын топтық, жұптық жұмысқа жұмыла кірісуге бағыттауым керек. Өздері ой қорытып, тұжырым жасап, өз пікірлерін айта білуге алуға үйрете түсуім керек.
|