Сабақ: 1 Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп»



бет1/5
Дата25.03.2017
өлшемі0,6 Mb.
#12284
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Сабақ:1

Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 25.09.2015

Мұғалімнің есімі: Скакова А.С

Сынып:2

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: 2

Сабақ тақырыбы

Адам еңбегімен қадірлі.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Адамдар атқаратын еңбек түрлерін білу. Мамандық иелерінің әрбір адамға қажет екенін, адам еңбегі басты құндылық екенін түсіну, ой қорыту.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Мәтінді, өлеңді, мақал-мәтелдерді оқып адамдар атқаратын еңбек түрлері мен мамандық иелерін біледі. Таныс емес сөздер мен еңбек басты құндылық екенін түсіну туралы сұрақ қояды, сұрақтарға жауап береді

Оқушылардың басым бөлігі:

Диалогқа түседі,сұрақ-жауап арқылы адамдар атқаратын еңбек түрлерін, ағаш шебері, ағаш жонушы, тас қалаушы, сылақшы, фрезерлеуші деген мамандық иелерінің әрбір адамға қажет екенін ұғады, өздері білетін мамандық иелері туралы білгендерін айта алады.

Кейбір оқушылар:

Өзінің пікірін айта алады, дәлелдемелер келтіреді, еңбек адам өміріне ең қажетті әрекет екені туралы өмірден мысал келтіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Барлық оқушылар мәтінді, өлеңді, мақал-мәтінді оқиды мазмұнын түсінеді



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Еңбек, шыдамдылық, жауапкершілік,білім

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Адамның еңбегі,оқушының еңбегі, мамандық иелері,тақырыпқа сай мақал-мәтелдер,жұмбақтар

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Еңбек ақысы, сәуле құяр санаңа, онсыз көзің ашылмас, тоқымқағар, бәсіре сөздеріне байланысты сөздік жұмысын жүргіземін

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жаңа сөздерді жазып, мағынасын ұғады

Алдыңғы оқу

Адам өміріне не қажет екенін, адам өз өміріне қажетті жағдайларды қайдан алатынын мәтінмен, суреттермен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу арқылы анықтау

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру
8 минут

- үй тапсырмасын тексеру;


-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады


Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру

Күннен, жерден нәр алған


Біз - өмірдің гүліміз.
Таңертеңнен басталған
Сәтті болсын күніміз.

  • Бүгінгі күніміз сәтті болсын!

Топқа бөлу

Көліктің суреттерін тарату

- Суреттерді қалай сәйкестендіріп, топқа бөлінуге болады?

-Ал, балалар топқа бөлінген кезде көліктердің суреттерін қалай топтастырып бөліндіңдер?

Келісімге келіп, топ ережесін еске түсірейік

* Әркімнің пікірі құнды

* Ойын ашық,нақты айту

* Көмектесу және көмек сұрау

* Белсенді болу

* Достық сенім орнату

* Топтық шешім қабылдау

Топ көшбасшыларын сайлау



Өткенге шолу

-Адам өміріне қажетті жағдайларға нелер жатады?

-Адам өз өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?

-Айналадағы табиғат құбылысы мен өзгерістерді адам өз қажеттілігіне қалай бейімдейді?



Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.

Әркім өзіне ұнаған суретті алады

Ақылдасады,ойланады,

ортақ ереже құрайды


Топ көшбасшыларын сайлайды, әр оқушы көшбасшы бола алатындығын ұғады


Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, түсінгендерін, білгендерін айтады

Жұлдыздарға қарап бағдарлайды, жел күшін, су ағынын пайдаланып энергия қуатын (жарық, жылу) алатынымызды айтады


Көліктердің суреттері

Топқа бөлінеді

Топ ережесі


Оқулық бетіндегі суреттер, сұрақтар


Бағалауға арналған сары, қызыл, жасыл карточкалар

Оқулық, сурет-

тер, желім,

постер


Оқулық, дәптер

Өлең, мақал-мәтелдер, жұм-бақтар, суреттер


Постер, суреттер

Оқушылардың сұрақтары

Мамандық иелерінің суреттері


Электорндық оқулық

Бағалауға арналған сары, қызыл, жасыл карточкалар



2-кезең: Мағынаны ажырату:

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
2 минут


- Адам жақсы өмір сүру үшін не істеу керек ?

- Сонымен бүгінгі тақырыбымыз не жөнінде деп ойлайсыңдар?

- Сендер қандай еңбек түрлерін жақсы көресіңдер?

- Қалай ойлайсыңдар сендердің басты еңбектерің не?

- Оқып білім алу, табиғатты зерделеу үшін не керек?

- Көп еңбектену керек, дұрыс айтасыңдар

Сабақ «Баспалдақ» әдісі бойынша жүретіндігін түсіндіру

Алғашқы қадам « Еңбек» баспалдағы ашылады


Сұрақтарға жауап береді
Еңбектену керек....

Оқушының еңбегі оқу, білім алу керек



3-кезең:

Ой-толғаныс:

анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

10 минут

2 минут



  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі

4 минут



  • сабақ қорытындысы

3 минут


4 минут

3 минут


6 минут

3 минут


Оқулықпен жұмыс

І топқа оқулықтағы мәтіннің мағынасына сәйкес сурет бойынша әңгіме құрау

ІІ топқа оқулықтағы мәтіннің мағынасын түсініп оқу,оқушының еңбегіне байланысты өлеңді оқу

ІІІ топқа оқулықтағы мәтіннің мағынасына сәйкесмақалдарды айту

ІV топқа оқулықтағы мәтінді оқиды,мамандық иелеріне байланысты жасырынған жұмбақтардың жауабын табу

« Жауапкершілік» Екінші баспалдаққа көтерілу Алдыға қойған мақсатымызға жету үшін жауапкершіліктің маңыздылығын айту

Сөздік жұмыс

Еңбек ақысы- адамның еңбегіне төленетін ақы

Сәуле құяр санаңа- өмірдің мәнін түсінесің

Онсыз көзің ашылмас- оқысаң, бәрін ұғамыз

«Бұл қызық»

Тоқымқағар- жас адам жолға алғаш шыққанда жасалатын дәстүрлі рәсім

Бәсіре- ер жетіп қалған балаға мал атау. Бала сол малды күтуге, еңбек етуге талпынады


«Т кестесін» толтыруды үйретемін

жалқау бала мен еңбекқор балалардың суретін талдай отырып олар қандай балалар екенін анықтату,

осы суреттерге сәйкес сөздерді тапқызу кедергілерден шығу жолдарын қарастырту

«Шыдамдылық» баспалдағына көтерілетінімізді айту

Еңбектің өнімін көру үшін шыдамдылықтың орны ерекше екенін атап өту
«10 сұрақ» бір баланың басына мамандық иелерінің суреті қойылады


  • Шаштараз

  • Аспаз

  • Мұғалім

  • Дәрігер

«Сұрақ-жауап»

  • Халыққа қалай қызмет етуге болады?

  • Сенің кім болғың келеді?

Электрондық оқулықпен жұмыс

Адам еңбек етіп халыққа қызмет жасайды. Мамандық иелерінің әрбір адамға қажет екені туралы айтады.



Баспалдақтың шыңына көтеріліп, «Білімге» қол жеткізе алатынымызды айту

«Еңбек- бәрін жеңбек»

Бағдаршамның түстерін карточкалар арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділігін көремін

-Оқушылардың әрбіреуінің жұмысына сәйкес бағаларын айтып шығу

Үй тапсырмасын беру


Мәтінмен жұмыс істейді

Сурет бойынша әңгіме құрайды
Мәтінді оқиды, өлеңнің мағынасына сай өздерінің еңбектерін өз сөздерімен айтады
Мәтінді оқиды, еңбекке байланысты

мақалдарды айтады


Мәтінді оқиды

Жұмбақты оқып,шешімін табады

Мамандық иелерін айтады. Мысал келтіреді

Еңбек ету үшін жауапкершіліктің маңызын түсінеді


Жаңа сөздерді жазып, мағынасын ұғады

Оқушылар өлең ырғағымен билейді

«Т кестесін» толтырады

жалқау бала мен еңбекқор балалардың суретін талдайды, осы суреттерге сәйкес сөздерді табады, кедергілерден шығу жолдарын айтады


шыдамсыз – шыдамды

жауапсыз – жауапты

ұқыпты – ұқыпсыз

еріншек - еңбекқор


Оқушы қандай мамандық иесі туралы айтылғанын табады


Оқушылар өз ойларын айтады.

Оқушылар «Еңбек» ұғымы туралы ойларын толықтырады


Ортақ қорытындыға келеді.Осы мамандық иелерінің әрбір адамға қажет екенін әңгімелейді.

Жаңа мамандық иелерімен танысады

Тас қалаушы, сылақшы, архитектор, токарь, фрезерлеуші

Бағдаршамның түстеріне сәйкес өз біліміне қатысты карточкаларды көрсетеді



Келесі оқуға арналған тапсырмалар

(үй тапсырмасы)



Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдерді жаттап алу

Ата – аналарыныңмамандықтарытуралыәңгімежазыпкелу



Қосымша ақпарат

«Баспалдақ»

Еңбек — шыдамдылық —жауапкершілік — білім

Әдебиеттік оқудағы еңбекке байланысты өлеңдер


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен

байланыс.

- Адам жақсы өмір сүру үшін не істеу керек ?

- Сонымен бүгінгі тақырыбымыз не жөнінде деп ойлайсыңдар?

- Сендер қандай еңбек түрлерін жақсы көресіңдер?

- Қалай ойлайсыңдар сендердің басты еңбектерің не?

-Қандай мамандық иелері туралы білесіңдер?

«Еңбек- бәрін жеңбек» мағынасын қалай түсінесіңдер? деген сияқты сұрақтар қойып, мысал келтіруді сұрап ой қозғау

Бұрынғы білімдерімен ұштастыру, пәнаралық байланысты орнату

-Әдебиеттік оқуда еңбекке байланысты оқылған өлеңдерді айтқызамын

Бес асыл іс пен бес дұшпан

«Т кестесін» толтырта отырып, кедергілерден шығу жолдарын қарастыртып, өз ойларын айтқызу



Бағдаршам әдісі бойынша

(«бағдаршамның түстерін карточкалар арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділігін көремін)


Қызыл- түсінбедім

Жасыл- барлығы түсінікті

Сары- түсінбегенім бар


Әдебиеттік оқу
Сыныпта қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері орындалды
Электрондық оқулықты пайдалану

Еңбек - бәрін жеңбек

Еңбек — шыдамдылық —жауапкершілік — білім


Оқушы оқу мақсатына жетті,себебі:

Өздеріне ұнаған өлең, мақал-мәтелдерді айтты, жұмбақтардың шешімін тапты, тақырып мазмұнына сай сурет бойынша әңгіме құрастырып, ойларын айтты



Оқушы оқу мақсатына талпынады,себебі:

Бірнеше оқушылардың топпен жұмыс істеуде реттелмегендіктерін байқадым. К., А., З. Оқушылары өз эмоцияларын көрсете алмады, топпен жұмыс істегенде белсенділіктері төмен болды



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?


Бүгін оқушылар не білді?
Оқу неге бағытталған болды?

Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?


Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?

Оқу мақсаттары шынайы, нақты қойылды деп есептеймін

Оқушылар адам өмірінде еңбектің маңызы зор, еңбектенген адам жақсы өмір сүретіндігін түсінді.

Диалогқа түсіп,сұрақ-жауап арқылы адамдар атқаратын еңбек түрлерін, ағаш жонушы, тас қалаушы, сылақшы, фрезерлеуші деген мамандық иелерінің әрбір адамға қажет екенін ұқты, өздері білетін мамандық иелері, жалпы адамдардың еңбегі мен еңбектің қадірі туралы білгендерін айтып кейбір оқушылар ой қорыта алды, алайда топпен жұмыс істеуге бірнеше оқушы белсенділік танытпады, өз пікірлерін ортаға салмады.

Жоспарлаған саралау шараларым тақырыптың мазмұнын ашуда тиімді болды деп есептеймін, сонымен қатар сынып оқушыларына жетелеу сұрақтары қажет болып отырды. Жоспарлаған кездегі «Т кестесін» толтырудыда сабақ үстінде уақыттың тығызығына сәйкес «Т кестесіндегі» кедергілерді анықтап, одан шығу жолдарын сынып болып қарастырдық

Шыдамдылық сөзінің мағынасын оқушылар аша алмады, сондықтан мысал арқылы өзім түсіндіріп айттым

Әрбір топтың еңбегін қалыптастырушы бағалау ( қол шапалақтау) арқылы қорытындылап отыруды дұрыс деп шештім



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Қолданылған «Т кестесі», (Еңбекқор бала мен жалқау баланың суретін талдау)

2.«10 сұрақ», (мамандық иелерін анықтау)

«Баспалдақ» (Еңбек- бәрін жеңбек) әдіс-тәсілдері табысты, тақырып мағынасына сай болды деп ойлаймын

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Қойылған сұрақтар нақты, түсінікті болды деп ойлаймын

2.Менің жоспарыма қосымша енгізілген: «Әрбір топтың еңбегін қалыптастырушы бағалау» арқылы қорытындылап отыруым оң әсерін берді деп санаймын.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?

Алғашқы фотоаппарат пен видеокамераға түсірілетіні ескертілгенімен, біраз оқушылардың түрінен қорқынышты сезіндім. Топқа бөлінгенде, тілектерін айтуда да сасқалақтап қалды. Оқушылардың топтық постерлерін құрастырудағы бірлескен жұмыстары мен өз ойларын айтып, қорытындылауы менің ойымнан толық шықпады, оқушылар әлі де толық ашыла түссе екен деп ойлаймын...

Сабақтың кезеңдері мен уақыты сақталғанмен, толық ойымнан шықты деуге келмейді. Себебі, бірнеше оқушылар өз ойларын айтуда біраз іркіліп отырғандарын байқадым.

Топтық жұмыстағы К, З, А оқушыларының белсенді жұмыс істеуін, өз ойларын ашық айтуларын ойластыруым керек. Бәлкім З деген оқушының өте ұялшақ, биязы мінезі әсер етіме, К деген қыз бала сыныпқа жаңадан келген оқушы болғандықтан ба, А деген оқушының тілі орысшаға бейім, мүмкін қазақша айтсам қате боп қала ма деп ойлады ма екен....

Алдағы сабақтарымда осы оқушыларыма ерекше назар аударып, өздерінің ойларын ашық айта білуге, құрбыларымен пікір алмаса алатындай ахуал орнатуым қажет.

Сабақ барысында Қ, Д, З есімді оқушылар бақыланды.



Каталог: uploads -> doc -> 094e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
094e -> Пән бойынша негізгі ұғымдар, анықтамалар тізімі (глоссарий) абж


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет