Сабақ: 1 Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп»



бет5/5
Дата25.03.2017
өлшемі0,6 Mb.
#12284
түріСабақ
1   2   3   4   5

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Сабақ: 5

Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 15. 12. 2015

Мұғалімнің есімі: Скакова Анара Сайлаубековна

Сынып: 2

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: 2

Сабақ тақырыбы

Өсімдік – тірі ағза.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Өсімдік – тірі ағза екенін ұғыну, дәлелдеу. Өсімдік түрлері туралы өз ойларын айтып тұжырым жасау.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқиды, өсімдіктердің топтары туралы айта алады. Өсімдік тірі ағза екенін біледі. Өсімдіктердің пайдалы екенін түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Бір-бірімен диалогке түседі. Сұрақтарға жауап береді. Өздері білетін өсімдіктер туралы айтады. Олардың жан-жануарлар тіршілігіндегі пайдасын біледі.

Кейбір оқушылар:

Білгендерімен бөлісе отырып, өз ойларын айтып тұжырымдайды. Өсімдік-жанды табиғаттың бір бөлігі жөнінде және жер бетіндегі тірі жан иелеріне пайдасы барын, оның қадірін біледі. Өсімдіктерді қорғаудың маңыздылығы туралы қорытынды жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Мәтінді оқиды, тақырыпқа сай өз ойларын айтады



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Өсімдіктердің тіршілігі

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

«Өсімдіктің балауса шағы». « Өсімдіктің жетілген шағы». Өсімдік «қартаяды

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Оқушылар өсімдіктердің топтары туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Тыныс алады,жарықты, жылуды, суды қажет етеді.

Алдыңғы оқу

Ата- аналарының мамандықтары туралы жазылған әңгімелерін оқыту

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурс-тар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

7 минут

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады


Ынтымақтастық жағымды ахуал туғызу

Шеңберге тұру «Дельфи» әдісі



- Біз кімбіз? Біз – адамбыз.

Адамның достары өте көп.

- Олардың қатарында нелер жатады?

-Егер әрине адамдар олардың достығын құрметтей білсе.

-Олар бізге несін сыйлайды?

Өсімдіктер қамқорлығымен бірге бізге қуаныш, әдемілік, таза ауа сыйлайды.
-Өсімдіктердің қандай түрлері бар?

Топқа бөліну: Ағаштар, Бұталар, Шөптесін.

Үш топқа бөлінетіндігі айтылады.

*Топбасшы сайланады.

*Бағалау парағы топбасшыға беріледі.

Әр топтың өздерінің атауларындағы өсімдік түріне сипаттама бергізу

-Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктерді атап жіберейік те, салыстырайық.

-Сонымен, өсімдік қандай ағза?



-Неліктен ол тірі ағза деп ойлайсыңдар?

Өсімдік жанды табиғаттың бір бөлігі.

Біз оларды тірі табиғатқа жатқызамыз. Өйткені олар өсе-ді, өнеді, көбейеді, уақыты келгенде немесе ауырса – со-лып, тіршілігін тоқтатады. Өсімдіктер күнге қарап бой түзейді, тыныс алады.

«Т кестесі»

-Өсімдік өсу үшін қажетті жағдайларды атайықшы? (Оған өсуі үшін: күннің жылуы, таза ауа, су, қоректік заттар керек.)

Өтілген тақырыптарға шолу.

І топ Ауаның қасиетін атаңдар. Дәлелдеңдер.

ІІ топ Судың қасиетін атаңдар. Дәлелдеңдер.

ІІІ топ Топырақ деген не? Құрамын, маңызын ата.



Шеңберге тұрады.

Сауалдарға жауап береді


Топбасшы сайла-нады.Ортақ ереже еске түседі.

Өсімдік топтары бойынша 5-6 оқушыдан отырады.

Бақылау парағының толтырылуы ұсынылады.
Өсімдіктердің түрлерін салыстырады.

Электорндық оқулық арқылы оқушылар білімдерін толықты-рады.

Өткен сабақтарға шолу жасайды.
Топтар өз жұмыстарын «Үш шапалақ» әдісі ар-қылы бағалайды.

Сауал-дар


Ереже


Бақылау парағы

Электр-ондық оқулық

Кесте

Слайд


Бақылау парағы

Оқулық

Постер, маркер-лер, тірек сөздер
Микро-фон, сұ-рақтар
Бақылау парағы

Блоб ағашы



2-кезең:

Мағынаны ажырату:

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастыра-ды;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастыра-ды -сергіту сәті


-Өсімдік-жанды табиғаттың бір бөлігі дедік. Сон-дықтан олар өседі, көбейеді.

-Өсімдік не арқылы көбейіп, қалай өсетіндігі туралы 1-сыныпта өткебіз. Кестеге сүйене отырып, есімізге түсірейік.

«Сәйкестендіру» кестесін толтыру

(барлық топтаға бірдей тапсырма беріледі)



  1. тұқымы

  2. өнуі

  3. бүрі

  4. жапырағы

  5. гүлі

  6. жемісі

Слайд арқылы өзара жұмыстарды тексереді.

Сергіту сәті

Сәйкестендіру кес-тесі толтырылады.

Слайд арқылы бір топ екінші топтың кестелерін тексереді.

Сергіту сәтін қимыл жасап, ән айтады.


3-кезең:

Ой-толғаныс:

3+6 минут



  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді

-синтез, бір-бірімен ой бөліседі

-сабақ қорытындысы




Топтарға

«Ойлан, топтас, талқыла» әдісін қолдану.

Оқулықтағы мәтінді оқып мағынасын түсіндуді

тапсырамын.

І топқа «Өсімдіктің балауса шағы»

ІІ топқа « Өсімдіктің жетілген шағы»

ІІІ топқа Өсімдік «қартаяды» - деген бөліктері туралы әңгімелеп айтуды тапсыру.

(Әр топ өз жұмыстарын қорғайды).



«Микрофон» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша бір-біріне сауалдар қойып, жауап алады.

  • Адамдар, жан-жануарлар өсімдіксіз өмір сүре ала ма?

  • Егер жер бетінде өсімдіктер болмаса, не болар еді деп ойлайсыңдар?

  • Ол үшін не істеуміз керек?

  • -Оларды қалай күтеміз, қорғаймыз?

- Өсімдіктер жақсы өсу үшін оларға күтім керек. Мінекей, олар да адамдар сияқты. Күтімі жақсы болса жақсы өседі, әдемі болады. Күтімі нашар, жоқ болса қисық өседі, немесе қурап қалады. Біз бұдан өсімдіктің тірі организм екендігін білеміз.

Оқушылардың бақылау парағына назар аудару.

Рефлексия «Блоб ағашы»

Мәтінмен жұмыс істейді.

Топ болып мәтінді оқиды, өз ойларымен топта ақылдасып, бе-рілген тірек сөздерді пайдаланып постер құрайды, қорғайды.


Оқушылар білетін мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтады.

Өсімдіктердің пай-дасы туралы, күн-делікті өмірде қалай пайдалану керектігі жөнінде өз ойларын айтады, қорытындылайды.


Топ басшыларының толтырылған бақылау парағын толтыруын назарға аударады


Келесі оқуға арналған тапсырмалар

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап, тапсырмаларды орындау.

Қосымша ақпарат

Өсімдік рекордтары: Қылқан жапырақтылардың арасында ұзақ өмір сүретін секвойя деп есептеледі. Ол 2000 жылдан астам өмір сүре алады екен. Әрі ол ең алып ағаш: биіктігі 100 метрден, диаметрі 20 метрден асуы мүмкін. Шөптердің ішіндегі ең үлкені – бамбук. Оның ұзындығы 20 метрге жетуі мүмкін. Ол бір тәулікте 1 метрге өсе алады екен. Ең ірі жапырақ – рафия пальмасында болады екен. Оның ұзындығы 20 метрге дейін жетеді. Ең ірі тұқым – кокоста болады. Салмағы - 20 кг. Ең ұзын - теңіз балдыры. Ұзындығы- 60 метр. Ең үлкен ормандар – Сібірдің суық тайга ормандары мен Бразилияның тропикалық ормандары.

Саралау

- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау

- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орын-дау. АКТ Құндылықтармен байланыс.



- Сонымен, өсімдік қандай ағза?

- Неліктен ол тірі ағза деп ойлайсыңдар?

- Адамдар, жан-жануарлар өсімдіксіз өмір сүре ала ма?

- Егер жер бетінде өсімдіктер болмаса, не болар еді деп ойлайсыңдар?

- Ол үшін не істеуміз керек?

-Оларды қалай қорғаймыз?



Бақылау парағы

Топ жұмысын бағалауда кесте қолдану

1. Өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауабы.

2. Мәтінмен жұмысы.

3. Топтық жұмыстағы белсен-ділігі.

Қалыптастырушы бағалау

«Үш шапалақ» Бір топтың жұмысын келесі топқа бағалату.



Әдебиеттік оқу.

Сыныпта қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері орындалды.

Электрондық оқулықты пайдалану.

Өсімдік – тірі ағза



Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі: топта оқушылар бірлесіп белсенді жұмыс атқара білді.


Оқушы оқу мақсатына талпынады, себебі:

Бір-бірімен диалогке түсті. Сұрақтарға жауап берді. Өздері білетін өсімдіктер туралы айтты. Олардың жан-жануарлар тіршілігіндегі пайдасын білді.



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?



Оқу мақсаттарын нақты қоюға ұмтылдым.

Өсімдік – тірі ағза екенін түсінді, өз ойларын айтйп, дәлелдеді. Өсімдік түрлері туралы өз ойларын айтып тұжырым жасады.



Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар беру.

2. Қалыптастырушы бағалау, электрондық оқулық тиімді қолданылды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет