Сабақ: 2
|
Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
|
Күні: 29.09.2015
|
Мұғалімнің есімі: Скакова Анара Сайлаубековна
|
Сынып: 2
|
Қатысқандар саны: 18
|
Қатыспапағандар саны: 2
|
Сабақ тақырыбы
|
Нан – тамақтың атасы
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Нанның дастарханға келу жолын білу. Егіншінің еңбегінің ауырлығын ұғыну. Оның адам ағзасына пайдалы тағам екенін түсіну, тұжырым жасау.
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар:
|
Мәтінді оқиды, адамның ағзасына пайдалы тағамдарды айта алады. Нан-тамақтың атасы екенін біледі. Диқаншының еңбегін бағалау керек екенін түсінеді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Бір-бірімен диалогке түседі. Сұрақтарға жауап береді. Өздері білетін тағамдар туралы айтады. Табиғи таза өнімнен жасалған тағамдардың пайдасын біледі. Тағамдардың қандай еңбекпен келетінін түсінеді.
|
Кейбір оқушылар:
|
Білгендерімен бөлісе отырып,өз ойларын айтып тұжырымдайды. Нанның дастарханға келу жолын, нанның адам ағзасына пайдасы барын, оның қадірін біледі. Күнделікті тағам ретінде пайдалану керектігін түсініп, қорытынды жасайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Мәтінді оқиды, тақырыпқа сай өлеңді, мақал-мәтелдерді айтады
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Ұн және нан өнімдері
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Бидай өсімдігі, дәні, ұн және нан өнімдері, сүт, ет тағамдары
|
Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?
|
Нанның құрамында адам ағзасына қажетті заттар мен дәрумендер (майлар,белоктар мен минералдық заттар) бар.
Түсіндіру жұмысын жүргіземін
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Түсіндіру жұмысын жүргіземін
|
Алдыңғы оқу
|
Ата- аналарының мамандықтары туралы жазылған әңгімелерін оқыту
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
7 минут
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
|
Ынтымақтастық жағымды ахуал туғызу
Шеңберге тұрып, өтілген сабақта жаттаған өлеңді айту
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
Бір-бірлеріне тілектер айтқызу
Топқа бөліну
Үш топқа бөлінетіндігі айтылады. Көшбасшы сайланады
Бағалау парағы көшбасшыға беріледі
Ата- аналарының мамандықтары туралы жазылған әңгімелерін
4 оқушыға оқыту
|
Оқушылар өлеңді қайталап айтады. Бір-бірлеріне тілектер айтады.
Көшбасшы сайланады
Ортақ ереже еске түседі
Қалаулары бойынша 5-6 оқушыдан отырады
Бақылау парағының толтырылуымен танысады
Оқушылар жазылған әңгімелерін оқиды
|
Ереже
Бақылау парағы
Оқулық, дәптер
Сұрақтар
Сұрақтар
Кесте, слайд
Электрондық оқулық
Оқулық , сұрақтар
Электрондық оқулық
Ұн, сүт, жемістер мен көкөніс тағамдарының суреттері, желім
қайшы, постер
Мақал-мәтелдер, жұм-бақтар, тыйым сөздер
Бақылау парағы
Оқулық беттері
|
2-кезең:
Мағынаны ажырату:
2 минут
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
2 минут
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
4 минут
2 минут
-сергіту сәті
2 минут
|
«Қар кесегі»
-Адам өміріне не қажет?
Қажеттіліктерді атайықшы
Тілетерді айтайық
-Ойлаңдаршы қарның ашты. Өзіңді қалай сезінесің?
-Саған не қажет?
-Сендер қандай тағамдарды жақсы көресіңдер?
-Қалай ойласыңдар тамақтың атасы қантай тағам?
-Нан туралы, оның қайдан келетіні туралы не білеміз?
«Сәйкестендіру» кестесі
дән себу
астық жинау
диірменге әкелу
нан пісіру
егістікті күтіп, баптау
ұн тарту
дүкенге әкелу
жерді күту, жырту
элеваторға әкелу
Электрондық оқулықпен жұмыс
Түн ұйықтатады,
Күн оятты.
Жел соқты,
Бұлт шатырлады,
Жаңбыр жауды,
Жел соқты,
Кемпірқосақ шығып,
Күн ашылды.
|
Сұрақтарға жауап береді
Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайларды айтады
Тілекке қатысыты қажеттіліктер – адам денсаулығын жақсартады, көңіл күйін көтереді, ойын дамытыныны жөнінде ойларын айтады
Сұрақтарға жауап береді
Сәйкестендіру кестесі толтырылады, слайд арқылы бір топ екінші топтың кестелерін тексереді.
Тұқымнан бидайдың өсуімен танысады
Сергіту сәтін қимыл жасап айтады
|
3-кезең:
Ой-толғаныс:
6 минут
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді
2 минут
9 минут
4 минут
2 минут
3 минут
|
Топтарға
« Ойлан, жұптас, талқыла» Жұппен оқулықтағы мәтінді оқып мағынасын түсіндуді тапсырамын
Мәтін мазмұны бойынша жұмыс
-Осы әңгімеден не түсіндіңдер?
-Нан сенің отбасыңдағы дастарқанға қалай келеді?
Бірінші топ мазмұндауды бастайды, екінші топ жалғастырады, үшінші топ қорытындылайды.
Электрондық оқулықпен жұмыс
Күзгі егістіктегі жұмыс туралы
І топ « Нан тағамдары»
ІІ топ « Сүт өнімдері»
ІІІ топ «Жемістер мен көкеністер» туралы не білеміз? Осы тағамдарға байланысты суреттерді тауып, неліктен ол суреттерді таңдап алғандықтарын бұл тағамдардың пайдасы туралы әңгімелеп айтуды тапсыру.
Қара бидайда нағыз дәрумендер көп. В, РР, Е топтарының витаминдері, темір т.б. көптеген витаминдер бар. Ағзадан шлактарды шығару қабілетімен ерекше құнды. Асқорытуды, жүрек жұмысын жақсартады екен балалар.
Нан- тамақтың атасы тақырыбына байланысты топтарға қосымша тапсырма:
мақал-мақалдар, тыйым сөздер жұмбақтар, жұмбақтар айтқызу
Оқулықтағы өлеңді жатқа айтқызу
Нан қиқымын шашыңдар!
Жерде жатса,баспаңдар!
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар !
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің, ана сүті арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар?
Оқушылардың бақылау парағына назар аудару, оқушыларды бағалау,
үйге тапсырма беру
|
Мәтінмен жұмыс істейді
Жұп бойынша мәтінді оқиды, өзара талдайды.
Отбасыңдағы дастарқанға нанның қалай келетіндігін, нанның пайдасы туралы әр топ білгендерін, түсінгендерін өз ойларын айтып шығады
Адамның егістік даласындағы күзгі еңбегі туралы білімдерін толықтырады
Әр топқа берілген сөздерді естігенде нені елестейтіндіктерін атап,
өз ойларымен топта ақылдасып, берілген суреттерді пайдаланып постер құрайды, қорғайды
Нанның құрамы, пайдасы туралы қосымша мәлімет алады.
Оқушылар білетін мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтады
Нанның дастарқанға келу жолындағы адам еңбегінің маңыздылығын айтып, диқаншының еңбегіне, наубайханашының еңбегіне баға береді. Наның пайдасы туралы, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігі жөнінде өз ойларын айтады, қорытындылайды.
Топ басшыларының толтырылған бақылау парағын толтыруын назарға аударады
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар
(үй тапсырмасы)
|
«Нан қайдан келеді?» тақырыбында сурет салып келу, мәтінді оқу, негізгі ойды есте сақтап алу.
|
Қосымша ақпарат
|
Қара бидайда нағыз дәрумендер көп. В, РР, Е топтарының витаминдері, темір т.б. көптеген витаминдер бар. Ағзадан шлактарды шығару қабілетімен ерекше құнды. Ас қорытуды, жүрек жұмысын жақсартады.
|
Саралау
- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау
- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.
|
-Адам өміріне не қажет?
-Қажеттіліктерді атайықшы
-Тілетерді айтайық
-Ойлаңдаршы қарның ашты.
-Өзіңді қалай сезінесің?
-Саған не қажет?
-Сендер қандай тағамдарды жақсы көресіңдер?
-Қалай ойласыңдар тамақтың атасы не?
-Нан туралы оның қайдан келетіні туралы не білеміз? деген сұрақтар қоямын.
Нан құрамындағы адам ағзасына пайдасы туралы пікірлерін айтқызу
Сәйкестендіру кестесін орындауды тапсыру арқылы оқушыларды ойландырамын.
Нан, сүт, жеміс тағамдарының пайдасы туралыбілетіндерін айтқызу, топтық жұмыс барысында қолдануды ұсыну
|
Бақылау парағы
Топ жұмысын бағалауда кесте қолдану
(топ басшы)
1. Үй тапсырмасының орындалуы
2. Мәтінді мазмұндап, түсінгенін айтуы
3. Сұрақтарға жауап беруі
4. Топтық жұмыстағы белсенділігі.Топтық талдауда өз ойын айтуы
Қалыптастырушы бағалау
«Қол соғу»
Бір топтың жұмысын келесі топқа бағалату
|
Әдебиеттік оқу
Сыныпта қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері орындалды
Электрондық оқулықты пайдалану
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нанды аяқ асты тастама
Нанды қадірле құрметте
|
Оқушы оқу мақсатына жетті,себебі:
«Қар кесегіндегі» сұрақтарға, сәйкестендіру кестесін толтыруда, мәтін бойынша жұмыста, Нан, сүт, жемістер тағамдары туралы өз білгендерін айтты. Суреттер бойынша жұмыс жасады. Тақырыпты түсініп өз ойларын айтты.
|
Оқушы оқу мақсатына талпынады,себебі:
Д, З есімді бақылаудағы оқушылар өз ойларын жүйелеп толық айта түссе. Оқушылар біраз топтық жұмысқа реттеліп қалды, алайда Айсана, Дастан есімді екі оқушы әлі де болсын өз ойларын айтуда белсенділіктері төмендеу болды.
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Оқу неге бағытталған болды?
Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?
|
Оқу мақсаттарын нақты қоюға ұмтылдым
Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, айта алды. Адамға қажетті заттарды, тағамдарды білді. Нан-тамақтың атасы екенін,диқаншының, егістіктегі адамдардың еңбегін бағалау керек екенін түсінді.
Бір-бірімен диалогке түсіп, сұрақтарға жауап берді. Өздері білетін тағамдар туралы суреттермен жұмыс істей отырып өз білетіндерін айтты. Табиғи таза өнімнен жасалған тағамдардың пайдасын білді. Тағамдардың қандай еңбекпен келетінін түсінді.
Оқушылар білгендерімен бөлісе отырып,өз ойларын айтып тұжырым жасауға үйрене бастады. Нанның құрамындағы пайдалы дәрумендер барын оны тағаммен бірге күнделікті тағам ретінде пайдалану керектігін түсінді.
Нанның дастарханға келу жолын, нанның адам ағзасына пайдасы барын, оның қадірін білді.
Менің ойымша жоспарланған әдістерім тақырыпқа үйлесті.
Сәйкестендіру кестесінде оқушылар бөгеле бастағандығы байқалды, бірінің жұмыстарын тексеруде мұғалімнің көмегін бірінші топ қажет етті. Бақылау парағын толтыруда да өзім көмектесіп отырдым.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.Қолданылған «Қар кесегіндегі»қойылған сауалдар ( мағынаны ажырату кезеңінде)
2. « Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі мәтінмен жұмыс барысында табысты болды.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Қажеттіліктер мен тілектерді ататып өткен сабақтармен жаңа сабақты байланыстыру жақсы болды деп ойлаймын
2. Нан, сүт, жеміс тағамдары туралы суреттермен жұмыс істей отырып, постер құрағаны оқушылардың визуалды қабылдауына жақсы әсер берді деп ойлаймын.
Бақылаудағы үш оқушы назардан тыс қалмады. Қ және Д есімді оқушылар сабақ бойы белсенді болды. Қ есімді үлгерімі жақсы оқушы топпен жұмыс кезінде де үнемі топты ұйымдастыра білді. Ол ерекшеленіп, білімділігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. З есімді оқушының бойында алдыңғы сабақтағыдай толқу байқалмады, сұраққа жауап беруде шатаспай, нақты жауаптар айта бастады.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?
Оқушылар топ ішіндегі жұмыста белсенді болғанымен, өз жұмыстарын қорғауға келген кезде қиналшақтап, топ басшыларына сүйеніп отырды. Екі-үш оқушыға өз ойларын ашық, нақты айтуын ескертіп отырдым. Бірін-бірінің жұмысын бағалай білуге әлі де болсын үйретуім керек сияқты.
|