САБАҚ:
Бөлімнің тақырыбы: Жолың болсын, жолаушы.
М.Мақатаев «Біз ертең жол жүреміз!»
Сабақтың тақырыбы:«Әжем тоқымқағар жасады» (9 сабақ)
|
Мектеп: Қарасу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Павлов орта мектебі» ММ
|
Күні:26.07.2019
|
Мұғалімнің аты-жөні: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Әлихан Еркебұлан Қамбарбекұлы.
|
СЫНЫП:9
|
Қатысқандар: 10
|
Қатыспағандар:0
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
9.2.4.1. Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Шығарманы мазмұны бойынша реттестіреді.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» меңгереді.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойына» сыни баға береді.
|
Бағалау критерийлері
|
Шығарманы мазмұны бойынша «Хикаят картасы» әдісі, «Кроссенс» әдісі арқылы реттестіреді.
Шығарманың идеясын «Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісі арқылы ажыратады.
Автордың ойына «КНДС» әдісі арқылы сыни баға береді.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Оқыған мәтіннің мазмұнын және идеясын айтады, автордың ойына сыни баға береді.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: анда – санда, көрші – қолаң, шәугім, тоқым қағар, тоқым.
|
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: анда – санда, көрші – қолаң, шәугім, тоқым.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Қалай ойлайсыздар мәтіннің идеясы қандай?
Автордың айтқысы келген ойы қандай?
Автордың ойына қандай баға бересіз?
Автордың ойын өмірмен қалай байланыстырасыз?
|
Не себепті тоқымқағар жасау керек деп ойлайсыз?
|
ишара: жорға жүріс, көрші – қолаң, шәугім
|
|