Берілген сөздерді қолданып, көршіңмен сапарға шығу туралы диалог құр.
Жолың болсын, ақ жол, балам, аман – сау барып кел, аялда, жорға жүріс, сапар.
Үлгі:
Сәлеметсіз бе, апа!
Сәлем, балам. Амансың ба? Қайда жол тарттың?
Аманмын. Көрші ауылға бара жатырмын. Сапарың алыс екен жолда аялдап демал.
Иә, апа. Жорға жүріске салып, ертең жетемін деген ойдамын.
Жолың болсын! Аман – сау барып кел. Әжеңе сәлем
Сау болыңыз.
Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Топтық жұмыс.Төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Нартай! – деді арт жағынан бір кісі. Нартай жалт қарады. Анда-санда көретін, екі-үш үйдің аржағында тұратын көрші әже екен. Тоқтап, шамалы күтіп тұрды да:
– Амансыз ба? – деп амандасты жақын келген соң.
–Аман ба, балам? Атаң келді ме? – деп сұрады қасына келген көрші әже. – Жоқ, – деді Нартай таңдана қарап.
– Сағындың ба? Нартай үнсіз басын изеді.
-Келіп қалар… әжеңе айт! Тоқым қақсын! Сонда тез келеді.
Келген бойда болған жайды түгел айтып берді. Әжесі күлді де қойды.
-Тоқымқағар деген… атаң секілді жолаушылап кеткен кісі кешіккенде, соны сылтау қылып, жиналып ішетін бір шәугім шай. Көрші-қолаң бас қосады. Жақында ғана жол жүріп келген тағы бір кісінің тоқымын әкеп қағады. "Тоқымқағар" деген содан шыққан болу керек. Біз де қағайық. Аздан соң барып жаңағы Күлай әжеңді шақырып кел. Ертең кешке деп. Қалған көршілерді өзім шақырайын, – деді әжесі тоқтап қалған шаруасына бұрыла беріп.
(134 сөз)
1-топ «Хикая картасы» бойынша мәтінді мазмұндаңыз.
Дескриптор
Достарыңызбен бөлісу: |