Практикалық жұмыс. (20 мин)
1 -тапсырма
Егер желі маскасы 255.255.252.0 және компьютердің желідегі IP-адресі 226.185.90.162, онда желідегі компьютердің реттік номері _______тең?
Жауабы: 674
Шығарылуы:
1. Желі маскасындағы екі октет (октет – 8 биттен тұратын масканың саны) 255-ке тең болғандықтан, екілік жүйеге ауыстырғанда 24 бірлік болып жазылады, демек алғашқы екі октет желі адресін анықтайды.
2. Желі маскасындағы 252 және 0 сандарын екілік жүйеге ауыстырамыз.
25210=111111002,
010= 000000002.
3. IP-адрестің соңғы екі октетін екілік жүйеге ауыстырамыз.
9010 =010110102
16210 =101000102
4. Желідегі компьютердің маска мен адрестің екі соңғы октеттерін жазып шығамыз:
11111100 00000000
01011010 10100010
10 10100010
Қою түспен бізге керек сан белгіленген 0 санынан басталатын бөлікті астыңғы санға қосамыз, яғни 10101000102=67410
2-тапсырма
Кейбір ішкіжелілерге 255.255.248.0. маскасы қолданылады. Бұл маскаға компьютердің неше адресі қолданылады? Ескерту: Практикада компьютерді адрестеу үшін екі адрес қолданылмайды: желі адресі мен кеңарналы адрес.
Жауабы: 2046
Шығарылуы:
Маскадағы екі октет 255-ке тең, олар желінің адресі. Екілік жүйеге аударғанда 16 бірлік болады.
24810= 111110002. Соңында 3 ноль, тағы 8 ноль масканың соңғы октетінен аламыз. Сонымен, 3+8=11 ноль компьютердің адресі болады.
211=2048, екі адрес қолданылмағандықтан, 2048-2=2046
3-тапсырма
Қылмыс болған жерде 4 бөлік қағаз табылды. Тексеріс бойынша IP-адрестің фрагменттері екені белгілі болды. Тексерушілер бұл бөліктерді А, Ә, Б және В деп әріптермен белгілеген. IP-адресті қалпына келтіріңіз.
Жауабы: БӘВА
.64
2.16
16
8.32
А
Ә
Б
В
Шығарылуы:
IP-адрес 4 байттан тұрады. Әр байт 255-тен аспайды.
А бөлігіy бірінші орынға қоя алмаймыз, себебі адрес нүктеден басталмайды.
В бөлігінен кейін Ә бөлігін қоя алмаймыз, себебі 255-тен аспау керек. Демек Ә бөлігін Б бөлігінен кейін қоямыз. А бөлігінен кейін В бөлігін қоя алмаймыз, себебі 255-тен аспау керек. Сонымен [16] [2.16] [8.32] [.64]
162.168.32.64, яғни БӘВА.
Компьютерлік желі топологиясын (шина, сақина, жұлдызша) көрсетеді.
(БК3).
Дескриптор:
Бір дәрежелі желі үшін топология қолданысын дұрыс анықтайды
«жұмысшы станция-сервер» үшін топология қолданысын дұрыс анықтайды.
|
(С) «Топология» не екендігін талқылайды.
Топология сызбасын талдай отырып, мұғалімнің түсіндірмесіне қатысады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |