Біздің туған тіліміз, ана тіліміз – қазақ тілі. Біз ана тілімізде сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, білім аламыз. Әр ұлттың өз туған, ана тілі болады. Ана тілі бізге анамыздың ақ сүтімен дарыған. Ал анамыздың “Айналайын” дегені әлемдегі ең жылы сөз деп ойлаймын. Ана тілі – қазынаң.
Оқы. - Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? - Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. - Сен қай тілде сөйлейсің? - Мен қазақ тілінде сөйлеймін. Рефлексия Оқушыларға «Білім пирамидасы» кері байланыс постері арқылы өзіңді бағала.