Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет23/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Қажетті құралдар мен материалдар:
ЕПА ортасы құйылған табақшалар, Дригальский шпателі, залалсыздандырылған тұзақтар, заттық шыны, жабынды шыны, микробиологиялық тұзақ, қажетті бояулар.


Тапсырмалар:
1. Бөлініп алған бактериялардың культураларын қоректік орталарға егу 2. Қоректік орталарға өсіп шыққан микроорганизмдердің колонияларды сипаттау
Бақылау сұрақтары:

  1. Таза культураларды бөліп алу және олардың колонияларын сипаттау әдістері

  2. Бактериялардың систематикасы.

  3. Бактерияларды практикалық классификациясы мен идентификациясы.

  4. Колония дегеніміз не?

  5. Микроорганизмдердің колонияларын сипаттау барысында қандай белігілеріне көңіл бөлінеді?



Зертханалық сабақ № 13.


Бактериялардың классификациясы мен идентификациясы. Культуралардың культуралды қасиеттерін зерттеу.

Зертханалық жұмыстың мақсаты: бактерияларды практика жүзінде идентификациялау үшін культуралардың культуралды қасиеттерін бағалау.
Зертханалық жұмыстың міндеті: бактериялардың сұйық және тығыз қоректік орталарда өсуіне тәжірибелер қою.
Бактериялардың культуралдық қасиеттеріне олардың сұйық және тығыз қоректік орталарда өсуі жатады.
Бактериялардың ет –пептонды сорпа сұйық қоректік ортасында өсуі.
Бактериялардың таза культураларынан үлгі алып пробиркаларға құйылған ет-пептонды қоректік ортасына егу жүргізеді де термостатқа 3 -4 тәулікке 25-30 о С өсіреді. Содан кейін термостаттан алған кезде қозғалтпай, арластырмай тыныштық жағдайда алады да өсудің мынадай көрсеткіштерін анықтайды:

  1. Қоректік ортада қабықша түзілуі және оның қасиеті (сақина тәрізді немесе тегіс қабықша, мақта тәрізді, жұқа, қалың, шырышты, тегіс, қатпарлы);

  2. Тұнба түзілуі және оның қасиеті (тығыз, мақта тәрізді, түйіршікті, созылғыш, өте көп, аз);

  3. Ортаның лайлануы және лайлану деңгейі;

  4. Ортаның түсі мен иісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет