Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет20/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Қажетті құралдар мен материалдар:
Тест организмдер, ультракүлгін сәулелі шам, спирт, пипеткалар, пробиркалар, Дригальский шпателі, трафарет, ЕПА ортасы құйылған табақшалар, зала лсыздандырылған тұзақтар, термостат, спирттік шам.
Тапсырмалар:

  1. Ультракүлгін сәулелерінің әсеріне микробтардың сезімталдылықтарын зерттеу

  2. Ультра күлгін сәулелерінің микроорганизмдерге әсерін зерттеу.

  3. Микроорганизмдерге ультракүлгін сәулелерінің әсерін анықтау, микробтардың тежелу аймақтарын өлшеп, нәтижелерін кестелерге енгізу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бактерияларға сыртқы ортаның факторларының әсері. Биотикалық және абиотикалық факторлар.

  2. Зерттелетін культураларға физикалық факторлардың әсерін бақылау.

Зертханалық сабақ № 11.



Бактериялардың практикалық классификациясы мен идентификациясы. Зерттелетін культураның тазалығын зерттеу.
Зертханалық жұмыстың мақсаты: бактерияларды практика жүзінде идентификациялау үшін бөліп алған культуралардың тазалығын зерттеу.
Зертханалық жұмыстың міндеті: бөліп алған бактерия культураларының тазалығын анықтау .
Микроорганизмдердің тазалығы мұқият тексерілуі керек. Ол әдетте бірнеше әдістерді қолдану арқылы жүзеге асады: көзбен көру, микроскоптан бақылау және тығыз қоректік орталарға егу.
Микроорганизмдердің тазалығын міндетті түрде микроскоптан бақылау керек. Ол үшін клеткалардан бекітіліп боялған препарат дайындап, иммерсиялық жүйеде қарау керек немесе тірі клеткардан жаншылған тамшы препаратын жасап, фазалы-контрастылы құралды пайдаланып қарау керек. Көпшілік микроорганизмдердің таза культуралары морфологиялық тұрғыда біркелкі болу керек. Бірақ кейбір бактериялардың, мысалы: микобактериялардың, нокардия және т.б. клеткалары өзгермелі болып келеді. Осыған байланысты мұндай культураларды микроскоптан қарағанда біраз қиындықтар туғызады. Сондықтан да ең алдымен бөліп алған культураны қолайлы ортаға егеді. Өсіп шыққан колониялардың біркелкілігі зерттеліп отырған культураның тазалығын көрсетеді. Ол екі жолмен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет