Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет18/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Перпендикулярлы сызықтар әдісі. Қоректік ортаға Петри табақшаларына антибиотикалық заттардың өндірушілерін сызықпен егеді. Сызықты Петри табақшасының диаметрі бойынша жүргізіп егеді. Өндіруші өсіп шыққан соң және агардың қалыңдығына өтетін антибиотикалық заттар түзілгеннен кейін оның сызығына перпендикулярлы тест организмді Петри табақшасының жиегінен бастап егеді. Тест -организмді егу үшін стерилді құбыр суында дайындалған микроорганизмнің қою суспензиясын пайдаланады. Табақшаларды 28-300С термостатқа тест-организмнің өсу жылдамдығына байланысты 2-8 тәулікке орналастырады. Егер антибиотик тест- организмге әсер ететін болса, онда тест организмнің өсуі өндірушінің сызығынан алшақ байқалады. Бұл қашықтық неғұрлым үлкен болған сайын, зерттелетін өндіруші түзетін антибиотикалық затқа тест -организм соғұрлым сезімтал болады.
Агарлы блоктар әдісі. Антибиотик өндірушінің және тест-организмнің дамуы үшін әр түрлі қоректік орталар қолданылады. Актиномицеттердің антибиотикалық қасиеттерін анықтау үшін өндірушіні құрамы мынадай ортада өсіру ұсынылады (г/л): глюкоза - 30,0; KNO3 - 5,5; MgSO4 - 0,5; NaC l- 1,0; K2HPO4 - 0,4; ZnSO4 - 0,002; FeSO4 - 0,002; агар - 25,0; дистилденген су; рН 7,1-7,2. Ортаны 0,5 атм-да залалсыздандырады және стерилді Петри табақшаларына құяды. Агар қатқаннан кейін антибиотикалық зат өндірушіні жаппай қоректік ортаның бетіне егеді. Ол үшін актиномицеттің спораларын тұзақпен агарлы пластинкаға салады да, шпателдің көмегімен қоректік ортаның бетіне тұтастай жайып, 28 300С термостатқа 8-10 тәулікке орналастырады. Содан кейін стерилді тескіштің көмегімен актиномицеттер өскен агарлы пластинкаларды блоктарға бөліп, тест- организм егілген қоректік ортаға, мысалы, ЕПА ауыстырады. Агарлы блоктарды бір-бірінен бірдей 1,5-2,0 см қашықтықта орналастырып, агарлы пластинкаға тығыз етіп жабыстырады. Антибиотикалық заттардың қоректік ортаға жақсы шығуы үшін тест -организм егілген агарлы пластинканы алдын ала тескіштермен тесіп қойып, сол жерлерге актиномицеттер өсірілген агарлы пластинкадан алынған блоктарды орналастыруға болады. Тест -организмі бар бір Петри табақшасына осылайша бірнеше өндірушілерді отырғызуға болады Табақшаларды бір сағаттай бөлме температурасында ұстайды да, сосы н тест-организмнің дамуы үшін қолайлы температурада термостатқа бірнеше тәулікке орналастырады. Егер тест - организм өндірушінің антибиотикалық затына сезімтал болса, дақылданғаннан кейін агарлы блоктың айналасында оның өсу аймақтары байқалмайды. Антибиотик көп бөлінген сайын және ол белсенді болған сайын, тест-организмнің өсуі байқалмайтын аймақтардың диаметрі соғұрлым үлкен болады. Осы антибиотикалық затқа сезімтал емес тест -организм ортаның бүкіл бетінде және өндірушінің блоктарының жанынан да өсе береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет