Көмірсу түйіршіктерін (полисахаридтерді) бақылау. Көмірсу түйіршіктерін (полисахаридтерді) Люголь ерітіндісі арқылы бақылайды. Заттық шыны бетіндегі клетканың сұйықтығының тамшысына Люголь ерітіндісін қосады. Крахмал тәрізді заттардың түйіршігі гранулездер көк түске боялады. Гликоген ашытқыларда Люгол ерітіндісімен өңдегенде оңай көрінеді. Бактериялардың арасында гранулезаны Clostridium туысының өкілдерінде болады.
а б в
Ескерту: а - анаэробты бактерияның спора түзу кезіндегі қоректік заттар – гранулезалар; б – спора түзуші бактериялардың клеткасындағы ірі май түйіршіктері; сірке қышқылды бактериялардың клеткасындағы метахроматин түйіршіктері.
Сурет 22 – микроорганизмдердің клеткасындағы қосындылар
Май түйіршіктерін бақылау.Бактериялар клетка ішінде липидтердің қоры ретінде поли-β-оксимай қышқылдарын жинайды. Ол үшін клеткаларды лиофильді қара судан немесе судан III бояуымен бояйды. Бактериялардың клеткасынан жұқа етіп клетка жұғындысын дайындап, ауада кептіреді және оттың жалында бекітеді. Оның үстінен суданның ерітіндісін тамызады да препаратты сүзгі қағазымен кептіреді де ксилолмен түссіздендіреді.
Түссіздендіру уақыты 1 минут, тяганың астында жүзеге асуы керек!. Поли-β-оксимай қышқылдары қара түске, ал клетканың қалған бөлігі қызғылт түске боялады.
Полифосфаттарды (волютин) бақылау.Бактериялардың клеткасында полифосфаттар (волютин) едәуір көп жиналады. Волютиннің мөлшері 0,5 мкм болатын сфера пішінді дәнешіктер болып көрінеді. Волютиннің химиялық құрамы жағынан бейорганикалық полифосфаттардан және РНҚ күрделі комплексінен тұрады. Ол клеткада энергетикалық және құрылымдық қызмет атқара отырып, азот пен фосфордың көзі ретінде қорға жиналады. Волютин түйіршіктерін бояу метахромазиннің қасиетіне негізделген.
Бактериялардың клеткасынан жұқа етіп клетка жұғындысын дайындап, ауада кептіреді және оттың жалында бекітеді. Кептірілген жұғындыға Леффлер бойынша дайындалған метилен көгін тамызып, клеткаларды 10 минут бояйды. Содан кейін бояуды төгеді, препаратты сумен шаяды, кептіреді, микроскоптан 40х объективпен қарайды. Клетка көгілдір түске, волютин дәні – қызғылт-күлгін түске боялады.