Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет13/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Ламинарлық бокс (ламинар)-стерильді жағдайда жұмыс жасау үшін қондырғы. Ламинарда ішінде асептикалық жағдай ауа легі арқылы жасалады.
Ауаның ламинардағы бағыты – қарсы шыққан затты бірдей қабатпен орай отырып, бұл қозғалыста ауа ағыны бір біріне параллельді жүреді.
Ауа ағыны, ламинар арқылы өткенде, зерттейтін затқа қарай бағыт алады, ол ламинардың ішікі кеңістігін микроағза спораларынан тазартады.
Ламинарлы бокстың басқа аты – ауаны горизонтальды және вертикальды ауа ағынымен шаңсыздандыратын қондырғы, (УО-БГ немесе УО-БВ, Ужгород немесе КПГ-1М, Псков; БАВ-”Ламинар-С”-1,2 - Челябинск обл.).

Бактериялардың клеткасындағы спораларды бақылау және клеткалардың қозғалғыштығын анықтау.
Жұмыстың мақсаты - лекциялық сабақтар кезінде алынған спора түзілу, талшықтардың орналасуы туралы білімдерін ұштастыру.
Зертханалық жұмыстың міндеті- спора түзудің сипаты, талшықтың орналасуына байланысты клетка қозғалысын анықтау.
Бактериялардың ішінде спораны Bacillus және Clostridium туысының өкілдері түзеді. Бактериялардың споралары вегетативті клеткаларға қарағанда қоршаған ортаның жағы мсыз факторларына жоғары төзімділік көрсетеді. Олар дөңгелек, сопақ немесе эллипс тәрізді түзінділер. Егер спора диаметрі спора түзетін клетка диаметрінен аспаса, ондай клетканы бациллярлы деп, ал клетка диаметрінен асатын болса, спора клетканың ортасында немесе шетінде орналасуына байланысты клостридиалды немесе плектридиалды деп атайды.
Тірі спора түзетін клеткаларды бақылау кезінде олардың спораларын жарық сәулесінің шағылысуынан байқауға болады. Споралар қышқылға төзімді және бояулармен қиын боялады. Бұл олардың клетка қабығының қалыңдығымен, бос су концентрациясының төмендігімен және споралардағы липидтің құрамының жоғары болуымен түсіндіріледі. Бактериялардың спораларын бақылау үшін көбінесе ескі культуралар (3-10 тәуліктік) қолданылады.
Көптеген бактериялар қозғала алады, өйткенi олардың клетка сыртында бiр немесе бiрнеше арнайы талшықтар болады. Олар жiңiшке, бiр шетi бос, екiншi шетi клеткаға бекiген және орналасу тәртiбi әр түрлi. Талшықтар саны мен бактерия клеткасында орналасу тәртiбiне қарай әр түрлi болып келедi. Егер де талшықтар клетканың бiр жақ шетiне бекiнген жалғыз орналасса монополярлы монотрихтер, талшықтары клетканың екi шетiнде бiр бiрден орналасқан бактериялар - екi полярлы монотрихтер, талшықтары клетканың бiр жақ шетiнде шоқтасып орналасқан бактериялар - монополярлы политрихтер немесе лофотрихтер, талшықтары клетканың екi шетiне топталып орналасқан бактериялар - екi полярлы перитрихтер немесе амфитрихтер, талшықтар клетканың бетiн толық жабатын бактериялар - перитрихтер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет