Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау


Ауадан микроорганизмдердің таза культураларын бөліп алу



бет6/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Ауадан микроорганизмдердің таза культураларын бөліп алу.
ЕПА және Сабуро ортасы құйылған петри табақшаларын қақпағын ашып 5 -10 минут уақытқа оқу ғимаратында (студенттер отырған аудиторияға, оқу ғимаратынның үшін және асханаға) әр түрлі орындарға қойылады. Содан кейін әртүрлі қоректік орталарға ауа микрофлорасы отырғызылғаннан кейін, 28 -37 оС 2-3 тәулік мерзімге термостатқа қалдырылады. Өсіп шыққан микроорганизмдердің өсіп шыққан колониясын санайды және сипаттау жүргізіледі.

Микроорганизмдердің макроморфологиясын зерттеу. Колониялардың


морфологиясы (макроморфология) – петри табақшасындағы қоректік орталарға өсірген кезде зерттейді.
Микроорганизмдер тығыз қоректік ортаның бетіне өсіп шыққан кезде колония түзіп, штрих (ирек сызық) бойымен немесе тегіс газон болып өсуі мүмкін. Колония деп – микроорганизмнің бір түрінің клеткалар жиынтығын айтады. Ол клетканың қоректік ортаға қалай өскеніне байланысты болады. Біреулері қоректік ортаның бетіне, келесілері ортаны бойлай өседі, ал кейбіреулері ортаның түбіне қарай өседі. Осыған байланысты колонияның беттік, тереңдік және түптік түрлері болады. Қоректік ортаның бетіне өскен колонияның бірнеше түрлі болып келеді (9-12 сурет). Оларды сипаттаған кезде келесі белгілеріне көңіл бөлед:
Колония пішіні – дөңгелек, амеба тәрізді, дұрыс емес пішінді, тармақталған (ризоидты) және т.б., үшін өсіп шыққан колонияларын сипаттау.
Колония түсі – түссіз немесе пигменттелген (ақ, сары, қызыл т.б)
Колонияның беті - тегіс, кедiр-бұдырлы, қатпарлы, қыртысталған, концентрлi шеңберлерлермен қоршалған, радиалды сызбалы.
Колония профилі – жалпақ, дөңес, кратер тәрізді, конус тә різді және т.б.
Колонияның жалтырауы мен мөлдiрлiгі – жылтыр колония, жылтыр емес (матовая), бұлыңғыр, ұнтақты, мөлдір.
Колония шеті – тегіс, иректелген, тістелген, шашақталған және т.б. Колония құрылымы – біркелкі, майда немесе ірі, сорғалаған (струйчатая)
Микроорганизмдердің клетка морфологиясы.
Бактериялар - бір клеткалы организмдер, пішіндері бойынша 3 негізгі топқа бөлінеді: дөңгелек, таяқша тәрізді және иілген таяқшалар.
Дөңгелек бактериялар немесе коктар орналасуына байланысты микрококтар, диплококтар, стрептококтар, тетракоктар, сарциналар және стафилококтар болып бөлінеді.
Таяқша тәрізді микроорганизмдер клеткаларының мөлшері, олардың орналасуы және спора түзу қабілеттіліктері бойынша ажыратылады. Олар бөлек клеткалар немесе тізбек түрінде орналасуы мүмкін.
Спора түзетін таяқшалар бациллалар деп аталады. Иректелген бір клеткалы бактериялар клетканың формасы және ирек санына байланысты 3 топқа бөлінеді: вибриондар, спириллалар, спирохеталар (13 сурет).
Негізгі пішіндерімен қатар табиғатта микроорганизмдердің басқа да формалары кездеседі.
Клеткалардың пішінін «жаншылған тамшы» препаратымен, ал майда бактерия клеткаларының пішіндерін бекітілген боялған препараттарымен анықтайды.



Ескерту: А – дөңгелек; Б – қатпарлы шеті бар дөңгелек; В – шетінде сақинасы бар дөңгелек; Г,Д – ризоидты; Е – ризоидты шеті бар; Ж – амеба тәрізді; З – жіпшелі; И – қатпарлы; К – дұрыс емес пішінді; Л – концентрлі; М – күрделі.
Сурет 9 – Микроорганизмдердің колония пішіндері:

Ескерту: 1 – иілген (бүгілген); 2 – кратер тәрізді; 3 – иректелген; субстарттқа бекініп өскен; 5 – жалпақ; 6 – дөңес; 7 тамшы тәрізді; конус тәрізді.
Сурет 10 – Микроорганизмдердің колонияларының профилдері

Ескерту: 1 – тегіс; 2 – иректелген; 3 – тісті; 4 - жалбыраған; 5 – дұрыс емес; 6 – кірпікшелі; 7 – жіпшелі; 8 – жіңішке жіпшелі; 9 – бұтақталған.
Сурет 11 – Микроорганизмдердің колонияларының шеті

Ескерту: 1 – біртекті; 2 – майда (2,0 мм дейін); 3 – ірі (2,0 мм үлкен); 4 – сорғалаған (струйчатая); 5 – талшықты.
Сурет 12 – Микроорганизмдердің колонияларының құрылымы

диплококтар стрептакоктар стафилакоктар сарциналар
Дөңгелек бактериялар немесе коктар

бациллалар вибриондар спириллалар спирохеталар
Таяқша тәрізді микроорганизмдер
Сурет 13 – бактериялардың клетка морфологиясының алуантүрлілігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет