Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет8/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Қажетті материалдар мен құралдар:
Ет-пептонды агар және Сабуро ортасы құйылған Петри табақшалары, залалсыздандырылған тұзақтар, заттық шыны, жабынды шыны, микробиологиялық тұзақ, қажетті бояулар, микроскоптар.
Тапсырмалар:

  1. Микроорганизмдердің клетка морфологиясы зерттеу.

  2. Бөліп алған микроорганизмдердің культуралар мен коллекциядағы штамдардың клетка морфологиясын салыстыру (әртүрлі туысқа стрептомицеттер мен микроскопиялық саңырауқұлақтар).

Бақылау сұрақтары

  1. Жетілмеген саңырауқұлақтар, олардың конидитасымалдаушы мен конидийлерінің ерекшеліктері.

  2. Ашытқы саңырауқұлақтары және олардың морфологиялық ерекшеліктері қандай?

  3. Актиномицеттер, олардың ерекшеліктері?

  4. Бөліп алған микроорганизмдердің (әртүрлі туысқа стрептомицеттер мен микроскопиялық саңырауқұлақтар) культуралар мен коллекциядағы штамдардың клетка морфологиясын салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Зертханалық сабақ № 6.


Бактерия клеткасының құрылысы. Капсуланы бақылау. Грам тәсілі бойынша бояу.
Зерханалық сабақтың мақсаты – бактерия клеткасының құрылысы ерекшеліктерін зерттеу және олардың клетка құрылымының құрам бөліктерін анықтау үшін күрделі Грам тәсілімен бояу әдісімен танысу.
Зертханалық сабақтың міндеті – бөлініп алған бактерия культуралары клеткасының құрылысымен танысу, капсуланы бақылау және Грам тәсілі бойынша бояуды меңгеру. Бөліп алған культуралардың Грам тәсілі бойынша боялуын коллекциялық штамдармен салыстыру
Капсуланы бақылау.
Көптеген микроорганизмдер клетка қабығынан басқа сыртқы қосымша қабатпен қапталады оларды – капсулалар деп атайды. Капсуланың негізгі атқаратын қызметі қалайсыз жағдайлардан қорғану және қоректік заттардың жиналуын қамтамасыз ету болып саналады. Капсулалар мөлдір шырышты, сондықтан да бактериялардың тірі клеткаларын микроскоптан қараған кезде бірден байқалмайды. Капсулалар мен шырышты қабат тiзбектелiп немесе топталып бiр ғана клетканың төңiрегiнде орналасып қоймайды, сонымен қатар көптеген клеткалардың сыртында пайда болып, оларды түгел қоршайды. Капсуланы бақылау үшін әдетте «Бейтарап бояу» әдісін қолдану қара тушпен бояу арқылы жүзеге асады. Бейтарап бояу қолданған кезде бояу бактерия клеткасының маңайын толтырады, нәтижесінде қараңғы аймақта ашық, түссіз бөлік болып көрінеді. Ол үшін заттық шынының бетіне фуксин бояуымен араластырған клетка сұйықтығын тамызады. Содан кейін фуксинмен боялған препаратқа қара тушты қосып араластырып жаймалайды да ауада кептіреді, микроскоптан қарайды. Микроскоптан қараған кезде препараттың қара түсінде микрооорганизмнің қызыл түске боялған клеткасын қоршаған түссіз, мөлдір капсулалар жақсы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет