Сабақ №1 паренхиматозды дистрофия тақырыптың бақылау сұрақтары


Дистрофия кезіндегі морфологиялық өзгерістердің дамуына әкелетін морфогенетикалық механизмдер



бет2/7
Дата06.02.2022
өлшемі272,48 Kb.
#80556
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәуенова Жазира 305 А ОМ №1 тақырыпқа жауап

Дистрофия кезіндегі морфологиялық өзгерістердің дамуына әкелетін морфогенетикалық механизмдер:
1) инфильтрация - жасушаларда және жасушалардан тыс ақуыздар, майлар, көмірсулардың жинақталуы; Атеросклероз кезінде аортаның ішкі қуысында липопротеидтермен инфильтрациялануы.
2) бұрмаланған синтез - жасушада қалыптыда кездеспейтін заттардың синтезі ; Жасушада аномалды белок амилоидтың синтезі
3) трансформация - бір заттардың басқасына - ақуыздардың майларға, көмірсулардың майларға және т. б. ауысуы; (Қант диабеті кезіндегі көмірсулардың майларға ауысуы.)
4) декомпозиция (фанероз) - белокты - полисахаридті кешендердің, белокты -липопротедті кешендердің ыдырауы. ЛП кешендердің ыдырауы және жасушада майдың еркін күйде жиналуы(дифтериялық интоксикация кезінде кардиомиоциттердің майлы дистрофиясы).
2. Паренхиматозды дистрофиялардың мәні. Олардың түрлері.
Жауап:
Паренхималық дистрофиялардың мәні – жасушаның денатурациялы, коагуляциялы немесе, керісінше, цитоплазманы гидратациялы колликвацияға ұшыраған белоктарының физикалық-химиялық және морфологиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Осындай белоктардың липидтермен байланысы бұзылғанда, жасушаның мембраналық құрылымдары қирайды. Осы өзгерістердің ақырында коагуляциялы (құрғақ) немесе колликациялы (ылғал) некроз дамуы мүмкін
Жіктелуі:
Метаболизмі бұзылған заттардың түріне байланысты паренхималық дистрофиялардың үш тобы бар:
-Паренхималық диспротеиноз (ақуыз алмасуының бұзылуы)
-Паренхималық липодистрофия (липидтер алмасуының бұзылуы)
-Паренхималық көмірсулар дистрофиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет