Сабақ 1 Пәні: қазақ тілі Қатысқандар: 12 Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет117/139
Дата12.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#99903
түріСабақ
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   139
Байланысты:
docx1545312645

Құндылықтарға баулу

6.Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 

Пәнаралық  

байланыс

қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану

Алдыңғы  оқу:

Астана-мәдениет пен өнер ордасы

Жоспар:

Жоспарланған  

уақыт

Жоспарланған   жаттығу  түрлері:

Ресурстар

Сабақтың барысы.

5 мин.


Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындау.

Психологиялық ахуал. Ширату жаттығуы «Сымсыз телефон» әдісі арқылы оқушыларға тренинг жүргізіледі;



Жылы сөздер

Сабақтың ортасы

30 мин.

Сергіту сәті.



Тыңдалым/айтылым.

Мәтінді тыңдайды, Оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды. Тыңдалым мәтіні бойынша Не? Қайда? Қашан? Не болды, 3-тапсырманы орындайды.

Тыңдалым мәтіні бойынша «қажет пе?» Не үшін? Пайдасы қандай деген сұрақтарға жауап

Өз ойларымен бөліседі.



Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылаңыз.

Астана - әсем қала

Осыдан 15 жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея бұрын да көтерілген. Айталық, Әлихан Бөкейхановтың «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласындағы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деген сөздерді еске түсірейікші. Өкінішке орай, ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді. Ол мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы толғауын Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», - дей келіп, 1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайлағаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашан да сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған. Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан» - деп жеткізді. Деректерге көз салсақ, Арқа төсіне көшіп келген жылдары Астанадағы тұрғындар саны 290 мыңдай болған. Ал қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады. Ішкі көші-қон есебінен бас қаламызға қоныс ауыстырғандар саны 1999 жылдан бастап қарқын алды. Сол жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп келген. Биылдың өзінде Астанаға 40 мыңнан астам адам табан тірепті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет