Сабақ ортасы
30 мин
|
Топтық жұмыс
1-2-тапсырма
1.Мәтінді үнтаспадан тыңдап, ақпараттарды есте сақта.
2. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер
Айтылған ойдың мағынасын түсініп, керекті сөздерді тауып, көп нүктенің орнына қойыңдар.
Керекті сөздер: қиыны, күрделісі, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, жаны, алғыр. өгей ұлдары, сөз, ой, жанды, қасиеті, өгей ұлдары.
1. Ана тілін тек… … ғана менсінбейді, … … ғана аяққа басады. (Ғ.Мүсірепов.)
2. Тіл қаруы — … , сөз қаруы — … . Ақыл-ды ой, … сөз адамның ең жоғарғы… . (Ғ.Мұстафин.)
3. Тіл — ұлттың … . Тіл — идеяның, сезімнің, ойдың, … көрінісі. (Толстой.)
4. Өз тіліңді… … тұрып, … — … сүйе алмайсың.
(Паустовский.)
5. Сөз өнері — өнер атаулының ең … да… . (Бальзак.)
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді аяқтаңдар.
Дескриптор
*ақпараттарды есте сақтап,негізгі ойды анықтайды
*мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
*көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді
|