Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
3мин.
|
«Ынтымастық атмосферасы»
Түрлі – түсті ленталардан бүгінгі көңіл– күйлеріне байланысты өздеріне ұнаған түсті таңдайды. Стикерлердің түстері бойынша топқа бөлінеді
|
Слаид, оқулық, түрлі-түсті ленталар,
|
Сабақтың басы
|
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Суреттердің қиындыларын біріктіріп, топтарға бірігеді;
Суреттерінде не бейнеленгенін сипаттайды
Берілген суреттерді біріктіріп, мәтін құрастырады.
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен. (Су немесе өзен)
Ирелеңдеген арқан
Қуып жете алман. (Өзен)
Оқушылардың тірек білімдеріне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап алу.
Өзен деген не?
Қандай өзендерді білеміз?
Өзен, суға байланысты оқушылардың білетін өлең, тақпақ, мақал- мәтел, аңыз-әңгімелерін айтқызу.
Мысалы: 1) Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
2) Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
3) Желсіз түнде жарық –ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп. (Абай Құнанбаев)
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? Нені білгілерің келеді ? Нені үйренгілерің келеді? (өзен деген не, қандай өзендер болады, картадан оларды көрсетіп үйрену)
ҚБ. Қол шапалақтау
|
Түрткі сұрақтар
Қол шапалақтау
|