Бағалау критерийі
|
мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып жетекші сұрақтармен негізгі ойды анықтай алады;
екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде қолдана алады
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты сөздік қор:
Отан..., Атамекен..., Атажұрт..., Тарих...
|
Құндылықтарға баулу
|
6.Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Қазақ әдебиеті, тарих
|
Алдыңғы оқу:
|
Ұлттық құндылықтар
|
Жоспар:
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері:
|
Ресурстар
|
Сабақтың барысы.
5 мин.
|
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындау.
Айтылым. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
|
« Сөйлемдегі сөздердің байланысы»
|
Сабақтың ортасы
|
ТЖ. «Еркін микрофон» әдісі
1-топ. Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру.
2-топ. Тіл – ұлттық құндылық екенін дәлелдеу.
Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.
«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Себебі көркем - әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі. Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес. Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. өйткені мақал – мәтелдердің мағынасына зер салып көрсек, бір шындықтың нышаны білінеді.
Ертеде билер мен шешендер ел – елдің дауын майда тілмен шеше білген. Оның айғағы «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деген мақалдың астарын бақылайықшы. Яғни, баланы ұрып, ұрсып айтпай –ақ, ойланып, дұрыс сөйлеп оның зердесіне жетуге болады. Жақсы сөзбен оның көкірегі мен көзін ашуға болады.
Дескриптор.
ҚБ. «Көңілді одағайлар».
Мақал-мәтел жалғасын тап!
Тіл мен көз тас жарады,... / тас жармаса бас жарады/.
Өнер алды-... /қызыл тіл/.
Бас кеспек болса да,... /тіл кеспек жоқ/.
Ақыл көркі - тіл,... /тілдің көркі-сөз/.
|
«Еркін микрофон» әдісі
Түрткі сұрақтар
Көңіл-күй одағайлары
|
Сабақтың соңы
Кері байланыс.
|
Рефлексиялық шеңбер»
/Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді./
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
|
Рефлексиялық шеңбер»
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |