Жаратылыстану
3-сынып, IY тоқсан
|
Сабақ
|
№1
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
Жарықтың шағылуы деген не?
|
|
Оқу мақсаттары :
|
Түрлі заттардың жарықты қалай шағылдыратынын, жарықтың шағылуын адам қалай пайдаланатынын түсінесің
|
Ресурстар:
|
Оқулық 52-53 беті, https://www.youtube.com/watch?v=EaBCWehynFY
|
Түсіндірме:
|
Жарықтың шағылуы дегенді қалай түсінесің?
Қандай заттарда жарықтың шағылу қасиеті пайдаланылады?
Төмендігі сілтеме бойынша видеоны көреміз.
https://www.youtube.com/watch?v=EaBCWehynFY
Кез –келген дене жарықтың шағылуы арқылы көрінеді. Мысалы: қараңғы жерде біз ешқандай затты көре алмаймыз. Жарық сәулелері түспейді және жарық сәулелері шағылмайды.
Жарықтың шағылуын жаздың ашық күндерінде терезеден, судың бетінен, айна бетінен күн сәулесінің шағылуын айқын көруге болады.
Жарықтың шағылуы екіге бөлінеді
Диффузиялық – кедір –бұдыр бетте шағылу.
|
Тапсырмалар:
|
Оқулықтың 52-53 бетіндегі
бірінші суретпен жұмыс;
зертте тапсырмасын талқылау;
қандай заттарда жарықтың шағылу қасиеті пайдаланылады? Тағы қандай заттарды білесің?
Қыста тауға көтерілген адамдар неліктен күннен қорғайтын көзілдірік киеді?
|
Кері байланыс
|
Сөйлемдерді толықтырып жаз:
Кез келген дене ....... ....... арқылы көрінеді. ------- әрі ------- беттерден жарық жақсы шағылады. Беті -------- ------- заттардан бет-бейнемізді көре алмаймыз.
Керекті сөздер: тегіс емес, жарықтың шағылуы, тегіс ашық.
|